Мұражайда Қарлығаш Балапановамен тағылымды кездесу өтті

Мұражайда Қарлығаш Балапановамен тағылымды кездесу өтті

Ұлы ағартушы Ы. Алтынсаринның облыстық мемориалдық мұражайда үлкен танымдық-тағылымдық жағы мол жүздесу болды

Бұл «Бақыттың кілті-әйелде» деп аталатын кеш белгілі кәсіпкер, «Шаңырақ-Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Алтын алқа белгісінің иегері Қарлығаш Балапановаға арналды.

Осынау қонақжайда ұйымдастырылған басқосуға кезінде онымен бірге қызмет атқарған әріптестері, есімдері елімізге танымал тұлғалар және ақын-жазушылар қатысты.

Басқосуды мұражайдың бөлім меңгерушісі Балдырған Аяжанқызы жүргізді. Алғашқы сөзді осы киелі орынның басшысы Марғұлан Оспанов ашып, басқосудың мәні мен маңызына тоқталды. Онда бірқатар азаматтар да сөз сөйлеп, кеш иесіне өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.

Мәселен, белгілі ақын, ғалым, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатов өзінің арнау өлеңін оқып, Қарлығаш Әлиханқызының бойындағы асыл қасиеттеріне тоқталса, ұлтжанды азамат, танымал кәсіпкер Ибраш Естаев қарындасының іскерлік қырлары жайлы айтып берді.

Осы басқосуда өңіріміздің мақтаныштары Көпей Малшыбаева, Биға Бисетаева, Ғайнижамал Бердалинова және басқа да оны құрмет тұтатын аяулы жандар оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.

 

Мұндай кеш ән-күйсіз бола ма? Аталмыш музейдің қызметкері Ақерке Түлкібаева әсем әнді шеберлікпен орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ Қостанай аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары да тың ізденіс үстінде екендігін көрсетті. Олардың қабілеттеріне қатысушылар дән риза болды.

Оразалы Жақсанов

Оразалы Жаксанов

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись