Новости Социум

Маңызды тақырыпта кездесу өтті

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі теолог Мирхат Мұратұлы имамдар мен инспекторларға арналған семинар өткізді

Жуырда облыстық мешітте «Шаңырақ» дін мәселелері жөніндегі сауықтыру орталығының директоры, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі теолог Мирхат Мұратұлы Мадияров имамдар мен инспекторларға арналған семинар өткізді.

Ол «Деструктивті діни ағымдарын қолдаушыларға әсер етуші психологиялық әдіс-тәсілдерге оқыту» тақырыбын арқау етті.

Сондай-ақ облыста орналасқан түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға орыс тіліне аударылған Құран кәрім және Ислам Ғибадаты кітаптары табыс етілді.

Жалпы, имамдар мен діни қызметкерлер түзету мекемелері қызметкерлерімен алдағы уақытта да нәтижелі жұмыс атқара бермек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77