Әмбебап жастарды дайындауда

Әмбебап жастарды дайындауда

Қостанай құрылыс колледжінің игі істері жөнінде

Жақында Қостанай құрылыс колледжінің 3ҒҚСП-3 курс (ғимараттар мен құрылымдары салу және пайдалану) студенттері «БК строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өтті. Онда 24 студент өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Сөйтіп, олар оқу барысында түйгендерін көрсетті.
Тәжірибе барысында студенттер өздеріне жүктелген міндеттеріне барынша жауапкершілікпен қарады. Болашақ құрылысшылар болғандықтан, жоғарыда аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тапсырылған жұмыстарды уақытылы және сапалы атқаруға тырысты.
Өндірістік жұмыс барысында студенттер кірпіш қалау, цемент езу, сылау секілді құрылыс саласындағы маңызды жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл тәжірибе кезінде жастар өздерін тек ғана жақсы жағынан көрсеті. Олар келешекте аталған ұжымда білікті маман атанады.
Осы арада бір айта кетер жай, техник-құрылысшылар мамандығы бойынша колледжді тәмәмдаған студенттерді «БК строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары жұмыспен қамтамасыз етеді.
Студентер колледжде білім алып жатқан кезде әрдайым теориялық білімдерін өндірістік тәжірибені тығыз ұштастырып, бес аспап маман болып шығады.
Білім ордасындағы ұстаздар да өздерінің шәкірттеріне ерекше қамқорлықпен қарайды. Мәселен, «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, 3ҒҚСП-3 курс студенттерінің кураторы Данагүл Оразбаева өте жауапкершілігі мол жан. Ол қарамағындағы жастардың жұмысын қадағалап, білгенін үйретуден жалықпайды.
Жалпы, аталмыш колледж басшысы оқып жатқан жастарға жан-жақты маман болып шығу үшін қолдан келген жағдайдың бәрін де жасап жатқаны көпке белгілі.

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись