Музейде әсерлі көрме өтті

Музейде әсерлі көрме өтті

Одан қатысушылар мол тағылым алды

Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері өңірімізде туып-өсіп, бүкіл қазақтың мақтанышына айналған  тұлғаларды еске алып отырады.

Жақында осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде парасат ордасында Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына арналған  «Ұстаз тұлғасы» атты көрме ашылды.

Оған республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушылары қатысып, көп жайды көңілдеріне түйді. Үлкен әсерге бөленді.

Жиналғандар алдында ардагер ұстаз Ақбілек Қасымова кезінде Ақсуат ауылында Спандияр Көбеевтің тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп  өскенін,     Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Беген Көпеш  бала кезінде Спандияр Көбеевті көргенін еске алды.

Сондай-ақ есімі көпке белгілі ардақты ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Пиалаш  Сүйінкина  ұлы педагогтың мағыналы ғұмыры жайлы сыр шертті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА 

 

 

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись