Оған Ыбырай Алтынсаринның өмірі арқау болған

Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері Пиалаш Сүйінкинаның «Ы.Алтынсарин – кәсіптік білімнің негізін салушы» деп аталатын кітабы жарық көрді.

Ұлағатты ұстаз, газетіміздің белсенді авторы осыдан 20 жыл бұрын ұлы ағартушы Ыбырай атамыздың өміріне, шығармашылығына қызуғышылық таныта бастады. Сол шақтан бері қазақтың аяулы қызының жазған зерттеу мақалалары да аз болған жоқ.

Жоғарыда сөз болған құнды еңбек оның көп жылғы ізденіспен жазған жұыстарының нақты нәтижесі. Кітапты қолға алған адам рухани жағынан байып, ой-өрісі кеңейе түседі.

Бұл еңбектің мазмұнына тоқталар болсақ, оғн енген әрбір мақаланың өзіндік ерекшелігі бар. Сонымен қатар ұлы ұстаздың өткен өмір жолынан да жан-жақты хабардар боласыз.

Жақында педагог – қаламгердің аталған еңбекке байланысты тұсау кесері өзі қызмет атқаратын Қостанай педагогикалық колледжінде өтті.

Бұл салатанатты жиында авторға жиналған жұртшылық көкейінде жүрген бірқатар сауалдарын қойды. Пиалаш Сүйінкина оған нақты жауап беріп, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Біз өңірдегі белгілі ізденімпаз ұстазға алдағы уақытта да мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Аяғоз КӘКІМЖАНОВА

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись