Хас шеберлер байқауда дараланды

Бүгін Қостанай шаһарында «Тобыл толқындары» деп аталатын халық билерінің облыстық байқауы өткізілді. Оның мақсаты – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

Сондай-ақ хореографиялық өнерді халық билері арқылы насихаттау, мәдени мұраны дамыту және сақтау. Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту, үздік хореографиялық ұжымдарды анықтау болатын.

Жалпы, бұл өнер сайысына өңірдің аудандары мен қалаларынан 11 би ұжымы қатысып, өздерінің бақтарын сынады.

Мәселен, облыстық байқаудың бірінші бөлімінде үміткерлер қазақтың сюжетті, яғни мазмұнды биін орындаса, ал екінші бөлімінде оған қатысушылар Қазақстанда тұрып жатқан өзге халықтардың билерін орындап, өнерлерін ортаға салды.

Жарыс болған жерде жеңімпаздар да анықталатындығы белгілі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Татьяна Әбдікәрімова жетекшілік ететін Лисаков қаласының «Вдохновение» би ансамблі иеленді.

Сондай-ақ екінші орынға Жітіқара ауданындағы Яна Тарнаруцкая басшылық ететін «Танцевальная графика» ансамблі көтерілді. Жүлделі үшінші орынды Наурызым ауданындағы Зәуреш Мінайдарова жетекшілік ететін «Нұр-Ай» және Қостанай ауданындағы Ольга Бывакина басқаратын «Надежда» халық биі ансамбльдері жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Аягөз Кәкімжанова

Редакция НК

оставить комментарий

четыре × 1 =

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись