Новости Проиcшествия

Қоңырау шалып жалған ақпарат таратқан

Босқа дүрбелең салған күдікті іздестірілуде

«Солтүстік» полиция бөлімшесіне 14 мамыр күні сағат 22.42-де ер адам хабарласып, «Қостанай Плаза» СОО жарылғыш зат қойылғанын айтқан

Дер кезінде оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі, құтқарушылар және жедел жәрдем жеткен.

Полиция қызметкерлері «Қостанай Плаза» сауда орталығы аумағын қоршауға алып, көлік қозғалысын тоқтатқан. Сауда орталық ішіндегі 300-ге жуық азамат эвакуацияланды.

Қызметкерлер «Қостанай-Плаза» ғимараты мен оған жақын аумаққа тексеру жүргізді. Алайда жарылғыш зат табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы органдар терроризм актісі туралы жалған хабар таратқан ер адамға іздеу салынды.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77