Оқырмандарға жол тартты

Оқырмандарға жол тартты

Арғы ата-баба ұрпақтары  өлмес өсиеттер мағынасында ғұмыр кешіп, алдарына алуан-алуан мақсат мүдде қоятыны белгілі

Әркім өзінше бағыт ұстайды.Торғай,Қостанай қойнауына кеңінен танымал Оразбай әулеті ертеден киелі сөзді, өрісі өрелі өнерді пір тұтқан.

Жуырда Алматы қаласындағы “Тоғанай Т” баспасынан партия, кеңес ардагері,туғанына 100-жыл толған Оразбай Мұқатұлының “Тәңірдің құлымын, Торғайдың ұлымын” деп аталатын кітабы жарық көрді.

Оған Орекеңнің туған жер, өскен орта,туыс-туған, замандастары хақында жазған өлеңдері, маңызға ие мақалалары, көркем баталары,оймақтай ой-толғамдары, жеке мұрағатында ұқыпты сақталған түрлі деректері,фото-суреттер, ақсақалдың табанда айтқан тапқыр сөздері топтастырылған.

Екінші кітап “Оразбайдың он баласы” деп аталады. Жазушы Нағашыбай Мұқатовтың бұл жинағы негізінен деректі әңгімелерді қамтиды. Аталған шығармада бір отбасында тәлім-тәрбие көрген балалардың балғын кездері,бастан кешкен қызықты оқиғалары,өсу-өрлеу жолдары суреттеледі.

Автор он баланы өнегелі өсірген әке Оразбай мен батыр ана Зибагүл Шәйменқызының мұхиттай мол мейірімін тілге тиек ете отырып,мұндай ұрпақтар ұясы өз алдына жеке мектеп екенін дәлелдейді.

Түйіндеп айтсақ әке мен баланың тың туындысы әр отбасы сөресінен берік орын алуға лайық құнды қазына. Қос кітап қолына түсіп,оны парақтап оқыған жұртшылықтың  рухани ләззат аларына сенім зор.

 

  Оразалы ЖАҚСАНОВ

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись