Қостанай қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

Қостанай қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

Сенбілік барысында қала әкімі Қайрат Ахметов қолына еңбек құралын алып өзі барып қатысты

Сондай-ақ әкімдік қызметкерлері мен қалалық мәслихат басшылары, үкіметтік емес мекеме ұйымдары жұмылдырылды.

Шаһар басшысы бастаған бір топ еңбеккерлер әкімдік аумағына тиесілі жерлерді тазалады. Әкімдіктен бөлек кәсіпорын жұмысшылары, студенттер мен оқушылар ат салысып, жаяу жүргінші жолдарын, аулаларын қоқыстан арылтты.

Қарқынды жұмыс барысында қаланың 6 мыңнан астам тұрғыны былтырдан қалған шөптер мен жапырақтарды жинап, ағаш түптерін әктеп, қурағандарын қоқысқа тастады.

«Қалалық әкімшілік қызметкерлері тазалық күнін құп көріп, барлық қызметкер осы сенбілікті қолдап тазалық жұмысына бірден ат салысып кетті», — дейді қала әкімі Қайрат Ахметов.

Шараға мердігерлік ұйымдар — «Таза-Жол АТ» ЖШС, ABZ Plus, DK Maksat, «Союз Групп Капитал» және «Kz Conglomerate» компаниялары ат салысты.Қоқыс шығаруға арналған арнайы техниканың 50 бірлігі жұмылдырылды.

Қынжылтарлығы бірқатар жеке меншік аумақты қамтыған көшенің тұрғындары сенбілікке сел-соқ қарап, елемеушілік танытып, тазалық жұмысына шықпады.

Нәтижесінде аумаққа тиесілі емес жерді қала жанашырларының өздеріне тазалауға тура келді.

Қостанай аймағы таза қалалар қатарына енеді. Таза ауа мен жинақы көрініс әрқашан көзге жағымды көрінеді. Келген қала қонақтарына да жайлы демалуларына себеп.

Бір күндік сенбілік барысында қала әкімі тазаланған аймаққа көшет отырғызды.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — табиғатты аялай отырып, көрікті Қостанай қаламыздың тазалығы мен табиғатына жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.

Қаланың санитарлық тазалығы, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық тазалық жұмысы 12-ші сәуірден бастау алып, 12-ші маусымға дейін жалғасады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись