Қостанай шаһарында «Наурыз» мерекесі қалай өтеді

Қостанай шаһарында «Наурыз» мерекесі қалай өтеді

Онда туған еліміздің мәдениеті мен тарихына, оның салт-дәстүрдеріне ерекше көңіл бөлінеді

Енді соларға рет-ретімен тоқталатын болсақ, Қостанай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 21 наурыз күні «Наурыз» мейрамы мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар өткізілмек.

Мәселен, шаһарымыздың орталық алаңында осы мейрамға арналған  бағдарлама «Шақырады Наурыз» атты театрландырылған көрсетілімнен басталмақ.

Онда қала тұрғындары мен қонақтарды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтайды.

Бұндай мерекелер ән-күйсіз, бисіз өтпейтіндігі белгілі. Сол себептен де концерттік бағдарламалар өткізілетіні даусыз. Мәселен, шаһардың орталығында ақ шаңқан киіз үйлер тігіледі. Соларды көріп, жиналған қауым ұлтымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүріне әбден қанығады.

Сондай-ақ ерекше тоқтала кетер бір жай, өңірімізде алғашқы рет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында ат спорты мерекесі де жерлестеріміздің қызығушылығын арттырады деген үміттеміз.

Онда ат бәйгесі ұйымдастырылады. Ұлттық ойындарымыз «Аударыспақ», «Арқан тарту», «Көкпар», «Қой көтеру» сияқты сайыстар жұртшылық назарын аударары сөзсіз. Оған өзіміздің облыспен қатар өзге де өңірлердің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар осы мейрам қонақтары арасында «Технодом» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен жүлде қорында көптеген тұрмыстық техникасы бар мерекелік тегін лотерея ойыны да өткізілмек.

Жоғарыда аталған «Арғымақ» ипподромына барам деушілерге қала әкімдігі арнайы автобус қатынасын да ұйымдастырады. Ал 22 наурыз күні мерекелік мәдени шаралар қала орталығы мен «Мирас» мәдениет үйінде одан әрі жалғасын табады.

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись