Қостанайда тележурналист Гүлжібек Бекмұхамедованың шығармашылық кеші болып өтті

Қостанайда тележурналист Гүлжібек Бекмұхамедованың шығармашылық кеші болып өтті

Қостанай бойынша қыз-келіншектер арасындағы алғашқы тележурналист шығармашылық іс-шарасына әріптестері мен жолдастары, достары қатысты

Жақында Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Дара  тұлғаның  дара жолы»  тақырыбында  Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі, Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан халықтары Ассамблеясының дипломмен марапатталған, республикалық,  облыстық байқаулар мен конкурстардың лауреаты, тұңғыш бүкіләлемдік рухани келсім конгресіне  қатысушы, деректі-публицистикалық фильмдердің авторы, Қостанай облысы бойынша  қыз-келіншектер арасындағы алғашқы тележурналист Гүлжібек Баиекеқызы Бекмухамедованың шығармашылық кеші болып өтті.

Гүлжібек Бекмұхамедованың   шығармашылық іс-шарасына әріптестері мен жолдастары, достары,  елімізге танымал ақын-жазушылар Ғұмар Ахметчин, Нағашыбай Мұқатов, Қалибек Деріпсалдин және басқа да зиялы қауым  қатысты.

 

SONY DSC

Кеш қонағының қызмет жолына қысқаша тоқталатын болсақ, ол 1978 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін  аяқтаған кейін  Қамысты ауданына келіп «Новый путь» аудандық  газеттің тілшісі болып жұмысқа орналасады. Қаламгер алғашқы еңбек жылдарынан бастап өзінің сауаттылығымен, терең білімділігімен, алғырлығымен, белсенділігімен көзге ілінеді. Қаламгердің жасаған жұмысын жоғары бағалаған газет редакторы оны өзінің орынбасары етіп тағайындайды. «Новый путь» газеті редакторы орынбасары болып жүріп, еліміздегі саяси жағдайларға көп көңіл бөледі.  Алматыдағы жоғары партия мектебіне түсіп оны 1988 жылы аяқтайды.

Содан кейін Гүлжібек Бекмұхамедова  1991 жылы  Қостанайдағы  облыстық теле-радиоға  тележурналист болып, қызметке тұрады.  Бұл қызметке де білек сыбана кірісті. Гүлжібек Баиекеқызы барлық саланы қамтыды білім мен ғылым,  мәдениет пен өнер,  медицина, спорт, теміржол, кәсіпорындар мен өнеркәсіп салалары.

Ол Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арнап «Они не прошли, Султан!…» телеочеркін, облысымыздың 60-70 жылдығына арналған тарихын зерделейтін, «Притяжение земли», «Президент, как отражение наших мыслей»    жастарды  патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған, «Об удивительной истории человеческих отношений», «Бетран Рубинштейн. Восхитительная симфония» Қазақстан ұлттарының ынтымақтастығы мен бірлігіне және алғашқы тың игерушілерге арналған, Қазақстан Республикасы Конститутциясының 15 жылдығына,  Ел Ордамыз Астана жайында, Қостанай өңірінен шыққан ұлы тұлғалар «Ибраһим Алтынсарин-проливший свет во тьме», «Манаш сын Кабаша» телефильмдерін түсірді. Бұл түсірілімдердің барлығы өзінің орынды бағаларын алды.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись