Қостанайдағы «Ғылым және техника» фестивалі

Қостанайдағы «Ғылым және техника» фестивалі

Бүгін М.Дулатов атындағы ҚИЭУ  «Ғылым және техника» деп аталатын облыстық фестиваль басталды

Бұл қабілетті жастардың дарынын аша түсуге арналған өте қажетті шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, жоғарыда аталған университет, облыстық білім басқармасы, «КазРобототикс спорттық және білімдік роботехниканың  Қазақстандық федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестіктері  ұйымдастырды.

Осынау қабілетті жастар басқосқан салтанатта оны ұйымдастырушылар жарыс басталмас бұрын фестивальға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл «Ғылым және техника» фестивалі Қостанай шаһарында осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Үстіміздегі жылы ол „Рухани жаңғыру„ бағдарламасының аясындағы «Тәрбие және білім» тақырыбы бойынша жүзеге асырылды.

Осы арада жастарға үлкен сенім артылып отырғандығын айтып өткеніміз лазым. Онда өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және облыстың аудандары мен қалаларындағы талантты оқушылар өздерінің бақтарын сынады.

Әрине, фестивальге арқау болған спорттық роботехника жарысы оған қатысушылардан үлкен біліктілік пен терең білімді қажет еткендігі даусыз. Сондықтан да олар жарыс барысында өздерінің тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Осы жан-жақтылықты талап ететін сайыста Қостанай өңірінде де болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды жастар аз емес екендігі айқын байқалды. Олар техникаға өте құштар екендіктерін танытты.

Енді осы фестивальда спорттық роботехниканың жеңімпаздары мен таңдаулы ғылыми жобалардың авторлары республикалық деңгейдегі сайыста өңірдің намысын қорғайтын болады.

Оразалы ЖАҚСАНОВ

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись