Қостанайда «Жаңарған өлкем, жасампаз Торғай» деп аталатын көрме ұсынылды

Қостанайда «Жаңарған өлкем, жасампаз Торғай» деп аталатын көрме ұсынылды

Іс-шара Жанкелдин аудандық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап  кітапханасында өткізілді

Бұл басқосу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының аясында өткізілді. Мұндағы басты мақсат-өңірдегі мемлекеттік кітапханалардағы жұмыстың  инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқуды арттыру болды.

Аталмыш көрмеге Жанкелдин ауданының кітапхана қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен кіріскенін қала тұрғындары бірден байқады. Олар ашық аспан астындағы көрмеге киелі де қасиетті Торғай жерінің тарихынан терең сыр шертетін жәдігерлерді қойыпты. Осынау өлкенің сырын ашуға қызығушылық танытқан тұрғындар мұнда көп жиналды. Олардың ішінде студенттер мен мектеп оқушалары өздеріне көптеген жаңа мәліметтер алып, қарт Торғайдың түпкі тамырына үңілді.

Осынау соңы мерекеге ұласқан көрмеде Торғайдан шыққан дарын иелері өздерінің өнерлерін көрсетті. Дана да туған, дара да туған Торғай қай кезде де талантты перзенттерден кенде болмаған. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кіндік қаны тамған Торғай қашан да ұлылардың мекені болып қала бермек.

Көпшіліктің назарына ұсынылған көрмеде композиторлар Бақытжан және Жанболат Сәуекеновтер, бұлбұл әнші Отаркүл Мұқатова, жас әншілер Жасұлан Махатов, Байдос Қожасағиевтер Торғай әндерін әуелете шырқады.

Осы керемет көрменің куәгері болған қостанай қаласының тұрғыны Ботагөз Мукумованы сөзге тарқанымызда, ол бізге былай деді.

-Мен туған жерім Торғайды көптен бері сағынып жүр едім. Бүгін осы өлкеден келген керемет көрмені тамашалып, танитын жерлестерімді кездестіріп, бір марқайып қалдым. Туған жерімнің өнерпаздарының әндеріне сусындап, мауқымды бір басқандаймын. Болашақта да осындай өнегелі де халыққа берері мол көрмелер көптеп ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Бердыболат ҒАБДУЛЛИН

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись