Отбасындағы зорлық-зомбылық

Отбасындағы зорлық-зомбылық

Шаңырақ шаттығы бәрінен қымбат

Соны отбасылы қандастарымыз толық түсініп жүр ме?
Ата-анаң саған ғұмыр сыйлаған
Бүгін мен маңызды тақырып жайлы сөз етпекпін. Адам өмірінде отбасындағы сыйластық пен әке – шешені қадірлеу ерекше орын алады.
«Ата-ана», екеуі де үш əріптен тұрады. Ал мəніне келсек, барлық дүниенің баға жетпес байлықтары мен жақұттары тең келмейтін ұлы тұлғалар. Саған осы дүниенің жарығын сыйлаған, шыр етіп өмірге келген сəттен бастап, еркеліктерің мен кемшіліктеріңді көтеріп, ешкімнен кем қылмай өсірген жанашырларың.
«Бауыр етім балам» деп, түн ұйықысын төрт бөліп, бесік тербетіп, ақ сүтін берген аяулы анаң емес пе.
Баламның болашағы жарқын болсын деп, тынбай еңбек ететін, қорғаныңда, асқар тауың əкең болып табылады. Осындай арқа сүйер тастай берік қамалдарымыз тұрғанда біз неден таршылық көреміз. Сол кісілердің арқасында ғана қазір білім алып, ештеңеден қиындықты сезіп жатқан жоқпыз.
Қазақта « Бала жетесіз болса, ата-ана жерге қарайды.
Бала жетелі болса, ата — ана елге қарайды» деген ұлы сөз бар. Қазіргі таңда елге қарағаннан гөрі жерге қарап жүрген ата-аналарымыз көп сияқты. Оларға қаншалықты құрмет көрсетіп жүрміз деп бір сәт ойланып көрдік пе?
Дегенмен, жастарымыздың көбісі өкінішке орай, өзге түгілі, өзінің ата — анасының қадірін білмейтін дəрежеге жеткені терең ойға батырады.
Бұл күндері жастардың көзі ашық көкірегі ояу. Өзіміз күнделікті жаңалықтарды қарасақ та, ғаламтор желісін ашсақ та толып жатқан жантүршігерлік оқиғаларға тап боламыз.
Мәселен, пəленше анасын буындырып өлтіріпті, түгенше ащы суға сылқия тойып, əкесін жазатайым қаза қылыпты деген жүрек айнытар жайлар жөнінде деректерге көзің түседі.
Жетім әрі жәутеңкөз балалар қайдан шығады?
Осындай отбасындағы зорлық – зомбылық қашан тиылар екен. Әйтпесе, кеше ғана сүйдім күйдім деп қосылған жастар бір жыл өтпей ажырасып жатады. Сонда баяғы сезім мен махаббат қайда қалады?
Кейбір ер азаматтар ащы суға беріліп, жарын таяқтың астына алып, көкала қойдай етіп сабап жатады. Қайран біздің әйелдер-ай десеңізші.
Олар өте төзімді әрі кешірімді. Кешегі ешқашан ренжітіп, көңіліңе қаяу салмаймын деген күйеуі намысын таптап, абыройын айрандай етіп төгіп жатсада шыдамдылық көрсетеді.
Құқық қорғау органдарына шағымданайын десе, отбасының шаңырағы ортасына түсіп, періштедей пәк сәбилер әкесіз жетім қалама деп, елден ұялады.
Алайда соны түсініп жатқан еркектер барма. Олар бұрынғыдан да есіре түседі маскүнемдігін, қоқан – лоққы көрсетуін ешқашан тоқтатпай жалғастыра береді.
Осындай бассыз­дық­тар­дың орын алып жатқаны әрине өкінішті. Мұндай дерекетер мен дәйектерді көптеп келтіруге болады.
Әңгіме онда емес. Осы ой саларлық мақаламды оқыған жұрт содан тағылым алып, отбасында зорлық пен зомбылыққа жол бермесе кәнеки. Бүгін әңгіме арқауына айналып отырған тақырып өте өзекті.
Әлгіндей шаңырақтың шайқалуынан зардап шеккен балалардың ішер тамаққа, киер киімге зар болып, күн көріс үшін біреудің көлігін жуып, енді біреулері бұғанасы қатпай жатып, жүк тасып жүргендерін көргенде, жүрегі нәзік қыз бала ретінде көзіңе еріксіз жас келеді екен.
Сонымен көптен бері көкейімде жүрген ойымды ортаға салдым ағайын. Отбасының беріктігі қоғам байлығы. Бұрын біздің ата – бабаларымыз ұлдарын түздің адамы, үй ішін асыраушы деп есептеген.
Қыздарын алақанға салып аялап, оларды болашақ ана, ұлтымыздың мақтанышы деп, құрметпен қараған. Сол ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет – ғұрыпымыз қайда кетті?
Мұны айтасыз, қайсібір санасыз ұлдармен келіндер қарт әке – шешелерін ұялмай қызармай қарттар үйіне тапсырып жатқан жоқпа. Бұларға олардың зейнетақысы қымбат.
Біз де болашақ журналист болған соң газет – журналдарды көп оқимыз. Сондай кездері қарттар үйіндегі ата – аналарының зейнетақы алған күні жеңіл көліктері мен мекеме алдында тізіліп тұратын балалар жайлы айтылады.

Сағыныш Ибрагим,
Қостанай мемлекеттік университетінің
3 курс студенті

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись