Онда курсанттар терең білімдерін көрсетті


Жақында Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 1,2,3, курсанттарының арасында «Парасатты полицей» деп аталатын байқау болып өтті. Аталмыш байқаудың басты мақсаты-ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай латын әліпбиінің тарихын жетік білу, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың Отан алдындағы сіңірген игі істерін курсанттардың санасында жаңғырту. Бұл байқауға курсанттардан құралған «Міндет», «Абырой», Ерлік», «Қыз Жібек» деп аталатын төрт команда қатысты. Байқаудың бірінші айналымы «Ер есімі-ел есінде» деп аталды.

Мұнда қатысушылар өздерінің топтарын қысқаша таныстырып, аталмыш академияға есімі берілген Шырақбек Қабылбаевтың өмірінен көрініс қойды. Мұнда олар жиналғандарға өздерінің алғырлықтары мен актерлік қасиеттерін паш етті.

Осыдан кейінгі «Әуенді жамбы ату» деп аталатын айналымда жастар өздері жазған қызықты әрі ұтқыр әзілдерін әуенге салып орындады. Үшінші «Қазақ тілінің жаңа белесі» деп аталатын айналымда курсанттар латын әліпбиінің тарихы жайында баяндап, өздерінің терең білімдерін көрсетті.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет kostacademy.kz сайтынан алынган 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись