Павлодар өңіріне  сапар

Павлодар өңіріне сапар

Онда Ыбырай Алтынсариннің көрмесі ашылды


Жақында ұлылар мұрасын ұлықтап, ұрпаққа насихаттау мақсатында Ыбырай Алтынсарин облыстық мемориалдық музейінің ұжымы Павлодар облысында болды.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Рухани жаңғыру. Ұлылар ұлағаты» атты танымды — тағлымды жағы мол іс-шара ұйымдастырылды. «Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрмесі ашылды.

Салтанаты жиында көрме залының лентасын қию Ыбырайтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып пен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Сейфиден Сүтжановқа бұйырды.

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Батырхан Жұмабаев, «Нұр Отан» партиясының Павлодар облысындағы өкілдері, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы мен ішкі саясат басқармаларының басшылары, сондай-ақ, Павлодар қаласының бір топ ақын-жазушылары мен зиялы қауым өкілдері Ә.Әміренов, А.Алақан, А.Қани, Ғ.Жұматов, Ғ.Балтабай, Ш.Байғалықызы қатысты.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог, ағартушы» атты жылжымалы көрмені музейдің аға ғылыми қызметкері Айымгүл Омарқанова таныстырды. Керекуліктер бұл көрмеден ұлы ұстаздың кезінде пайдаланған заттарынан тұратын музей қорындағы ең құнды деген жәдігерлерді көріп, тамашалады. Олар екі күн бойы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне келіп, мол мағлұмат алды.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет мұражай қызметерінен алынды

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись