Әріптесіміздің жаңа кітабы жарық көрді

Әріптесіміздің жаңа кітабы жарық көрді

 Қостанайлық Болат Ережепов есімі елімізге журналист, саяхатшы ретінде танымал

Ол осы уақытқа дейін ТМД елдері және Қазақстаннан алғашқылардың бірі ретінде, әлемнің көптеген мемлекеттерінде болды. Өзінің табиғи дарыны және еңбекқорлығының арқасында қаншама жауапты қызметтерді де абыроймен атқарды.

Дарынды да қаламы қарымды әріптесіміз кезінде аймақтық «Костанайские новости» содан кейін «Казахстанская правда», «Сельская жизнь» газеттерінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ еліміздегі «ОКО» басылымының Бас редакторы лауазымында да болғаны белгілі. Оның тың ізденісінің арқасында Елордамыз Астанадан «Журналист меняет профессию» деп аталатын танымдық-тағылымдық жағы мол еңбегі жарық көрді.

Қазақстан Республикасы журналистика академиясының академигі, Құрметті журналистің бұл еңбегіне бірнеше очерктері мен репортаждары еніп отыр.

Оларды оқыған зерделі қауым көп жайды көңілдеріне тоқитындығы даусыз. Біз Болатқа алдағы уақытта да мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Оразалы ЖАҚСАНОВ

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись