«Сөз құдіреті» байқауы

 «Сөз құдіреті» байқауы

Онда жүлдегерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын құнды мақаласының аясында және Елорданың-20 жылдығына орай «Сөз құдіреті» деп аталатын көркемсөз байқауы болып өтті. Мұнда шаһарымыздағы білім ордаларының оқушылары елімізге белгілі жазушылардың прозалық шығармаларын мәнерлеп және жатқа оқыды.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырылған байқау осы жолы да жоғары деңгейде өтті. Аталмыш кітапхананың кітапханашысы Бақыткүл Тұрымованың айтуына қарағанда, жас оқырмандардың арасында кітапқа деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.

Мектеп оқушылар кітапхананың тұрақты оқырмандарына айналған. Биыл да аталмыш байқауға қатысушылар жан-жақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Онда 9 оқушы бақтарын сынады. Олардың бәрі де жиналған қауымға өздерінің өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар күмбірлете күй шертіліп, әсем ән де орындалды.

Жарыс өткен жерде жеңімпаздар да болатындығы белгілі. Байқаудың әділқазыларының шешімімен бірінші орынды №115 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Анель Сафина жеңіп алсы,  екінші орынға №2 мектеп-лицейінің 6 «Л» сыныбының оқушысы Анастасия Самусава ие болды.

Сондай-ақ үшінші орын №122 орта мектібінің 7 сынып оқушысы Меңсұлу Төлебаеваға бұйырды. Барлық қасысушыларға арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись