Сенат депутаттары — Қостанайда болды

Сенат депутаттары — Қостанайда болды

Олар студент жастармен жүздесті


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары да аса маңызды мәселелер бойынша облыстарды аралап, жергілікті халықпен жүздесіп, олардың сауалдарына нақты жауап беруде.

Бүгін облыс орталығы Қостанай шаһарына Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастаған депутаттар келді. Олардың қатарында жерлестеріміз, ұзақ жылдар бойы облыстың өркендеуіне өздерінің лайықты үлестерін қосқан іскер азаматтар Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев те болды.

Халық қалаулылары облыс орталығына келмес бұрын Торғай өңіріне атбасын бұрып, Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша жүздесулер өткізді. Жұртшылықты толғандырып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөлді.

Олар Қостанайдағы сапарын Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттен бастады. Алдымен осы елімізге белгілі жоғары оқу орнының оқу залында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жүздесті.

Сондай-ақ университеттің мәжіліс залында жоғары оқу орнының студенттері және оқытушылармен де кездесті. Онда Бектас Әбдіханұлы мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жөніндегі үндеуінің маңызы мен мақсатына жан-жақты тоқталды.

Жиналған жастар да өздерінің көптен көкейінде жүрген ойларын ортаға салып, жатақхана, грант жайлы сауалдарына нақты жауап алды. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының еліміздің өмірінде алатын ерекше орны жөнінде де тілге тиек етті. Жалпы, көрнекті мемлекет қайраткері Бектас Бекназаров бастаған Сенат депутаттарының астықты облысқа сапары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олардың нақты да ұлағатты сөздері болашақ мамандарды жігерлендіріп, жасампаздық істерге жетеледі.

 

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись