Культура Новости

«Үш ұрпақтың көзқарасы» атты көрме көпшіліктің назарына ұсынылды

Онда ұстаз бен шәкірттің түрлі-түсті суреттері ғажайып сыр шертті

Л.Толстой атындағы облыстық әмбебеп-ғылыми кітапханасында «Үш ұрпақтың көзқарасы» атты сурет көрмесінің ашылуы болып өтті.

Бұл көрмеге Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің өнер кафедрасының аға оқытушысы Мейрамгүл Ордашева және оның шәкірті Инабат Салкинбаеваның суреттері қойылды.

Аталмыш кітапхананың көркем әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы Надежда Гилязованың айтуына қарағанда, көрмеге қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, мектеп оқушылары, есімдері елімізге танымал суретшілер мен тұрақты оқырмандар жиналған.

Олар портрет, пейзаж жанрында салынған түрлі-түсті суреттерді тамашалап, өздерінің ризашылықтарын білдірген. Әсіресе, мектеп оқуыларына жануарлардың суреттері қатты ұнапты.

«Өнерге бар әркімнің таласы» демекші, туа бітті бойындағы талантты адам әрдайым оқып, білімін ұштап, үнемі жітілдіріп отыруы өте маңызды. Сондай-ақ өнерлі бала бірден көзге түседі. Оның ішінде суретшілік деген екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Егер алдына келген жастардың бойында бұл қасиеттің барын байқаса, Мейрамгүл Ордашева аянбай өзінің білгенін үйретеді. Оның болашақта ел таныған суретші болып қалыптасуына өзінің үлесін қосады.

Сырын түсінген адамға ақ қағаздың бетіндегі шимай көп жайдан хабар береді. Әр суреттің өзіндік тақырыбы бар. Шертетін сыры бар.

Суреттерін көрмеге қойған Мейрамгүл Ордашева қаламыздағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі өнер кафедрасын тәмәмдаған. Қазіргі таңда өзі білім алған кафедрада аға оқытушы болып қызмет етеді. 2009 жылы «Психология және педагогика» мамандығы бойынша магистр атанды.

Көрме барысында, шәкірт тәрбиелеп, көпшілікке өзінің көрмесін ұсынған ұлағатты ұстазға келушілер алғыстарын айтып, шынайы тілектерін де жеткізді. Олар ұстаз бен шәкірттің сырға толы суреттерінен ерекше әсер алып тарасты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77