В ритме города Новости

Шағын аудан тұрғындарын қабылдады

Қала әкімі жұртшылықтың мәселелеріне жауап берді


Облыс орталығында қала әкімі Қайрат Ахметовтың бастамасымен шаһардың шағын аудан тұрғындарын жеке қабылдауы өтті. Бірінші болып Амангелді және Дружба елдімекендерінде болып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Онда шағын аудандарды абаттандыру, жарықтандыру автокөлік жолдарын жөндеу, білім ордаларын ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу мәселелері қозғалды. Оның сыртында қоғамдық көлік қатынасы, мал жайылымы мәселелеріде қала әкімінің назарынан тыс қалмады. Қабылдау барысында барлық айтылған мәселелерер бақылауға алынып, тиісті мемлекеттік мекемелерге іс-шараларды әзірлеу бойынша тапсырмалар берілді. Келесі күні қала әкімі Қайрат Жұмашұлының тұрғындарды қабылдау шарасы Қостанай–2 және Киев шағын аудандарында жалғасын тапты.

Онда да тұрғын үйлерге газ тарту, автокөлік жолдары жағдайы, қоғамдық көліктің жүру бағыттары әңгіме арқауына айналды. Қала әкімі жеке қабылдауына жазылған әрбір тұрғынның мәселесін басынан аяғына дейін тындап, шешімін табатындығын жеткізді.

Осындай игі бастамалар әкімдік тарабынан бастау алып жататын болса, тұрғындардың да толғандырып жүрген мәселелері шешімін табатыны анық. Оны іскер азамат қала әкімі Қайрат Ахметовтың түрлі мәселемен келген жұртшылықты қабылдау барысында көзіміз жетті.

Мешіт  Ғазиз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77