Студенттер мұражайда тәжірибеден өтті

Студенттер мұражайда тәжірибеден өтті

Біздің елімізде жастардың жан-жақты білім алып, туған жерінің нағыз патриоттары болуына жан-жақты көңіл бөлінуде. Бұл орайда Елбасының қамқорлығы айрықша дер едік.

Өздеріне туғызылып жатқан мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, жастардың алаңсыз білім алуына айрықша назар аударып отырған оқу орныдарының бірі — Қостанай педагогикалық колледжі дер едік.

Осынау колледждің дизайн және декоративтік-қолданбалы өнер кафедрасы Д-31 тобының 3 курс студенттері  кафедра оқытушысы  Е.В. Садовникованың жетекшілігімен Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі қабырғасында  тәжірибеден өтті.

Болашақ мамандар осы тәжірибе барысында көп жайды көңілдеріне түйді. Мұражайда Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметімен  танысты, сондай-ақ осы киелі орындағы жәдігерлерді көздерімен көрді.

Сонымен олар таным көкжиегін кеңейте отырып, музейдегі  көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері жайлы мәліметтерге де қанықты.

Олар ұлы ағартушы Алтынсаринның туысы, Қазақстанның халық жазушысы Мариям Хакімжанова туралы біраз деректерге көңіл бөліп, ой түйді.

Барлық студенттер мұражайда болғанда Алтынсарин мектебінің макетін және мемориалдық сыныбының экспозициясын, қазақтың ұлттық киімдерін суретке түсірді.

Жалпы бұл тәжірибенің берері мол болды. Мұражай қызметкерлері де еліміздің ертеңі болып табылатын жастардың уақыттарын тиімді пайдалануына қолдан келген барлық жағдайды жасады.

Аягөз Кәкімжанова

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись