Суға шомылу айлығының басталуына аз қалды

Суға шомылу айлығының басталуына аз қалды

Сол себепті шомылу кезеңіндегі судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет

Мектеп оқушыларының жазғы демалыстарына шығуларына аз қалды. Көбіне демалыстарын жағажай жағасында өткізетін жасөспірімдерге абай болған абзал.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылы облыстың су айдындарында 16 адам суға батып кеткен, оның алтауы бала мен жасөспірімдер.

Облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері судағы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, жабдықталмаған жерлерде шомылу, сондай-ақ балалардың су айдындарына өз еріктерімен барып немесе үлкендердің қарауынсыз қалуы болып табылады.

Облыстың су айдындарында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған суға шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді және облыс әкімімен бекітілді. Осыған ұқсас жоспарларды Департаменттің аумақтық бөлімшелері әзірлеп, ТЖК төрағалары — қалалар мен аудандар әкімдері бекітті, — дейді «ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі Департамент)» ММ-нің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Базарбайұлы.

Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар, оның ішінде көпшілік демалатын орындарда құтқару бекеттерін, медициналық көмек пункттерін, қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыру, сондай-ақ ішкі істер қызметкерлерімен бірлескен алдын алу рейд жұмыстарын өткізу жоспарларында бекітілген.

Құтқарушылармен жасақталмаған, құтқару жабдықтары жоқ, кезекші медициналық персоналмен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен және қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен жарақтандырылмағандарға шомылуына арналған демалу орындарын ашуға қатаң тиым салынады.

Талғат Базарбайұлының айтуы бойынша, су қоймаларында орналасқан балалар демалыс лагерьлеріне аса көңіл бөлінуде. «Қауіпсіз демалыс» ұранымен «суға батушыға көмек», «су айдындарындағы жүріс-тұрыс» және «суға батушыға алғашқы көмек көрсету» тақырыбы бойынша әртүрлі конкурстар мен викториналарды өткізу, сондай-ақ құтқару құрал-саймандарымен және жабдықтармен көрнекі танысу бағдарламасы әзірленген.

Су айдындарындағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және 2019 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде шұғыл режимде жұмыс істеу үшін Департаменттің күштері мен құралдары әзірлікке келтірілген.

2019 жылғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жабдықталған және жабдықталмаған су айдындарында қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін бар жағдай жасалуда. Судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 35 сұхбат және дәрістер өткізілген.

Сондай-ақ,  қауіпсіздік ережелерін ескертетін үнпарақтар таратылып, БАҚ құралдары арқылы барынша  үндеу жасалуда.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор

 

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись