Түлектерге сертификат табысталды

Түлектерге сертификат табысталды

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жыл сайын 7 айға созылатын 2 кезеңдік білім беру курсы тұрақты жүргізіліп келеді

Осы мешіт жанындағы әңгімеге арқау болған сауат ашу курсында діни біліммен сусындаған шәкірттер арасында  жастар да, жасы келген кісілер де бар.

Жақында шәкірттер кезекті оқу мерзімін аяқтап, емтихан тапсырды. Білім алушылар арасында сынақты үздік тапсырып, алған білімін көрсеткен шәкірттерге мешіт имамы мен ұстаздар атынан сертификаттар табысталды.

Шара барысында ұстаздар Арлан Бауыржанұлы, Бахытбек Сәндібекұлы және Балғабай Оразханұлы ілім алудың артықшылығы жөнінде тартымды уағыз-насихат айтып, білім алуды одан әрі жалғастыра берулері қажет екендігін естеріне салды.

Мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев: «Білім алыңдар! Білім алу – Алладан қорқу. Білімді талап қылу – ғибадат, алған білімді қайталау  – тасбих, білімге ынталану – жихад, алған білімді тарату  – құрбандық, білімді білмегендерге үйрету  – садақа» — деген ұлағатты сөздерін өзіне тән шеберлікпен жиналғандарға жеткізді.

Еске сала кетер бір жай, осындағы ұстаз  Арлан Нұғымановтың сауат ашу дәрістері жүргізудегі еңбегі ерекше.

Мешіттен рухани нәр алған ынталы шәкірттер тек қана оқып қойған жоқ, мешіттің тыныс-тіршілігіне де өздерінің лайықты үлестерін қосты.

Мәселен , қайырымдылық шараларына белсене атсалысты. Олар қаладағы жалғызбасты қариялардың тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс етіп, қыс мезгілдерінде үй-аула  маңын қардан тазартты. Отын-суын әзірлеп берді.

  

Оразалы ЖАҚСАНОВ

Суретті түсірген автор

 

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись