Театр әлемінде «Жоғалған адам» пьесасы көптің көңілінен шықты

Театр әлемінде «Жоғалған адам» пьесасы көптің көңілінен шықты

Жуырда Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында Е.Домбаевтың комедиясы Есенқұловтың режиссерлігімен қостанайлықтардың назарына ұсынылды

50 жыл киелі театр сахнасында жүрген өнер майталманы Қайыберген Есенқұловпен арнайы жолығып, көптеген сауалдарымызға жауап алдық. Осынау Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерінің осы «Жоғалған адам» деген пьесаны сахналауы да кездейсоқ емес екен. Ол кісі қазіргі таңда жастар арасында өз еліннен алыс жатқан шет елде ғұмыр кешуге әуестеніп кеткендігін байқап, осы болашақ ұрпаққа қайда барса да кіндік қаны тамған туған жерінен артық мекен таппайтынын көрсеткісі келген екен.

Бұл спектаклге ден қойғанымызда түсінгеніміз сонау қиын заманда Салиха есімді апамыз өзінің Иман деген інісінен көз жазып қалады. Сөйтіп, қанша іздесе де оны таба алмайды. Әпкесінен айрылып, қамқоршысыз қалған Иман Есетовті бір орыс әйел асырап алудф ұйғарады. Сөйтіп, ол қазақ баласын үйіне алып келеді. Сосын одан атын сұрайды. Ол аты Иман екенін айтады. Бірақ орыс әйел оны уақытөте атын Иван, тегін Нерусский деп өзгертеді. Осындай есімге ие болған қазақ жігіті білімге құштар, өмірге деген көзқарасы ерекше, батыл да білікті азамат болып қалыптасады.

Ол ержеткен кезінде заманның зардабын тартып, абайсызда айрылып қалған апасы Салиханы тауып алуға бел буады. Сөйтіп жүргенде ол бір басылым бетінен өзіне іздеу салған хабарламаны көріп, апасын тауып алады. Кіндік қаны тамған жерге табан тіреп, бауырының үйіне келеді. Оны көрген апасы қуаныштан жылап жібереді. Сөйтіп, екі бауыр араға біраз уақыт салып қуышып, ұзақ та бақытты ғұмыр кешеді.

Жалпы, қазақта «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп бекер айтылмаса керек. Қашанда өзіңнің Отыныңнан астық жер болмайды. Халқыңнан жақын жұрт болмайды десек қателеспеген болармыз.

Осынау комедия жанрында қойылған пьеса  түсінген адамға терең ой салар, залиқалы дүние. Мұнда басты рөлді Салиха апамыздың бейнесін  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шаһарбану Есенғұлова керемет шеберлікпен сомдады. Сонымен қатар Иван Нерусский яғни туған жерінен алысқа кетіп қайтадан отбасына оралатын қазақ жігіті Иман Есетовтың рөлін осы театрдың белді әртістерінің бірі Қуаныш Маратұлы, сондай-ақ спектакльдегі Жәпек деген кейіпкердің рөлін Ерхат Барақов, ал Халима Ғабдықожаева деген кейіпкердің рөлін Ақдамен Досанова көрермендердің көкейіне ұялата білді.

Жиналған қауым осынау халықты күлдіре отырып, өмірдегі көптеген шындықтың бетін ашқан қойылымнан үлкен өмірлік сабақ алды. Бұл пьеса осылайша көпшілікке рухани ләззат сыйлады.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет театр қызметкерлерінен алынды

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись