Торғайдан ұшқан тарланбоз

Торғайдан ұшқан тарланбоз

Қарапайым ауыл баласынан академик, мемлекет және қоғам қайраткерлігіне дейінгі жолды жүріп өткен тұлғаларымыздың бірегейі – даңқы дүниежүзіне мәлім абзал азамат Кенжеғали Сағадиев ағамыз мерейлі 80 жасқа толып отыр.

Алып адамның бүкіл сексен жылдық ғұмырын қысқаша көктей шолып шықсақ, ол былай шығар еді: орта мектепті бітірген соң, Алматыға жетіп, сол кездегі С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры Асқар Закаринге кіріп, жағдайды түсіндіреді. Мектепті күміс медальға бітіргенін айтып, Экономика-философия факультетіне емтихансыз қабылданады.

Үшінші курста екінің бірінің қолы жете бермейтін Лениндік стипендияға ілігеді. Университетті бітірген соң, осы оқу орнына сабақ беруге қалдырылады. Бірнеше жылдан соң, Мәскеудегі А.Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтында аспирантурада білімін шыңдайды. Кейін докторлық диссертациясын да Мәскеуде қорғайды. Алматыдағы «Нархозда», кейінгі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде он жыл бойы бірінші проректор қызметін атқарады.

Одан кейін екі рет республикамыздағы институтқа басшылыққа шақырылады, алайда өзі ыңғай бере қоймайды. Содан, үшінші рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне тағы да шақырып алып, «Целиноградтағы ауылшаруашылық институтына барасыз» дейді.
Сөйтіп, Целиноградқа келген Сағадиевтің бастамасымен сексенінші жылдары Кеңес Одағы бойынша ашылған алты биотехникалық орталықтың бірі 1985 жылы осы Целиноград ауыл шаруашылығы институтында құрылады. Бүкілодақтық ауыспалы Қызыл Туды кеңестік Қазақстан тарихында жеңіп алған екі институт қана болса, соның бірі – Кенжеғали Әбенұлы басқарған Целиноград ауыл шаруашылығы институты болады.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Алматыдағы Жоғары экономика мектебінің негізінде елімізде жаңа дами бастаған бизнестің мамандарын даярлау үшін Халықаралық бизнес университетін құрады. 2001 жылы осы Халықаралық бизнес университетіне президент болып сайланғанға дейін, бұрынғы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық және Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттары бірігіп, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып қайта құрылғанында, соған ректор болады. Осы іргелі екі жоғары оқу орындарын бірегей білім ордасына айналдырып, оқу үрдісін түбегейлі заманға сай жаңартады.

Кембридж өмірбаяндық орталығының «Жыл адамы – 1992» атағын алады. Ұлттық Ғылым академиясының президенті болып қызмет атқарады. Парламент Мәжілісінің екі мәрте депутаты болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобасына бастамашылық етіп, соған орай Астана қаласында 2010 жылы Назарбаев университеті ашылады. Назарбаев университетінде жасалған алғашқы қадамдар мен ғылыми ізденістер болашақта бұл оқу орнының да атағы мен абыройының дүниежүзіне жайыларына сендіреді.

2012 жылы Кенжеғали Сағадиев Ұлттық технологиялық даму агенттігінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне шақырылды. Бұл агенттіктің негізгі қызметі – ел экономикасының жаңа салаларын инновациялық жолдармен күшейте отырып, оның шикізатқа байланысын азайта түсу және индустриялды мемлекет құру жолындағы осыған байланысты мәселелерді шешу. Кенжеғали Әбенұлы бұл қызметте де аянбай еңбек етіп, отандық ғылыми-техникалық дамуға үлкен үлес қосты.

Кенжеғали Сағадиев – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының және Пәкістан ғылым академиясының академигі, АҚШ-тың Нью-Йорк академиясының мүшесі және Халықаралық жоғары мектеп академиясының толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. Қазақстан Республикасы үшінші және төртінші шақырылған Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланды, оның Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.

Кенжеғали Әбенұлы мұндай биік деңгейге өзінің кейінгі талай ұрпаққа өнеге боларлық сирек таланты мен тынымсыз еңбекқорлығының, энциклопедиялық білімінің, ерекше ақыл-парасаты мен іскерлігінің арқасында қол жеткізді. Ол кісінің еңбек жолы мен шығармашылық қызметі талай рет бұқаралық ақпарат құралдарында, энциклопедиялық анықтамалықтарда және биографиялық очерктерде жарияланды. Ғалым-ұстаздың ерен еңбектері дер кезінде ескеріліп, жоғары бағаланды. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы Указымен 1971 жылы 15 наурызда «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1987 жылы 7 маусымда «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

Сондықтан біз бүгін ғалымның егемен еліміздің жаңа тұрпатты экономикасының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, экономика саласындағы елеулі еңбектері туралы кеңірек айтуды жөн көрдік.

Кенжеғали Сағадиев еліміздің Жоғары заң шығарушы органы – Парламент Мәжілісінің депутаты болып екі мәрте сайланды. Осы кезеңде ғалым бюджет жүйесін өркендету және оның тұрақтылығын дамыту мақсатында көп еңбек етті.

Экономика ғылымының сардары деген атқа әбден лайық Кенжеғали Әбенұлы елімізде алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің тиімділігі мен көлеңкелі жақтарына жүргізген сараптамасымен баспасөз беттерінде сөз алды. Ол өз мақалаларында Дүниежүзілік сауда ұйымы тәртібі бойынша сауда режимін ырықтандыру елімізге, әсіресе ауылдық тауар шығарушылар үшін қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты беделді халықаралық ұйымға енуін қолдап, республиканың дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің үкіметтік дайындық шараларын талқылауға, басқа елдермен келіссөздер жүргізуге қатысты.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мәселесіне елімізде алғашқылардың бірі болып көңіл аударып, оның өсу факторларын, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, экономикалық, тіпті бәсекеге қабілеттіліктің әлеуметтік және адамгершілік жақтарын дәлелдеп, осы тақырыпқа отыздан астам зерттеу жұмыстарын арнаған ғалым тағы да жерлесіміз Кенжеғали Сағадиев екенін біз мақтанышпен айтамыз. Қазақстан экономикасын жаңғыртудағы өткір мәселелерді зерттеудегі жүйелі де ұзақ еңбегі оны үздік ғалым-реформаторлар қатарына шығарды. Академиктің билік орындарына жіберген хаттары бойынша ресми Халықаралық бизнес университеті – еліміздегі дамып келе жатқан бизнеске мамандар даярлау үшін құрылған жекеменшік жоғары оқу орны. Оның классикалық университеттерден ерекшелігі – экономикалық тәжірибемен тығыз байланыс, нарық сұранысына жедел көңіл бөлу, экономика реформаларының құбылысына сай оқу жоспарларының икемділігі. Университет қабырғасынан шетел тәжірибесімен жақсы таныс, өз ісін, өз кәсібін жүргізуге қабілетті, компания, фирма және басқа жеке жобаларды басқара алатын менеджер-мамандар шыға бастады. Университет түлектерін көптеген фирмалар мен компаниялар қуана жұмысқа алып жатыр. Білім ордасында мамандық иелерін шетелдік университеттермен қарым-қатынас жасай отырып оқытады, бакалавриат, магистратура және философия докторларының (PhD) бағдарламаларын табысты іске асыруда.

Кенжеғали Әбенұлы 2009 жылдан бері Елбасының тапсырмасы бойынша индустриялды-инновациялық Қазақстанды қалыптастыру мақсатында құрылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қалыптасып, дамуына да басшылық етіп келеді.
Кенжеғали Әбенұлы 2012 жылы Ұлттық технологиялық даму агенттігінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне шақырылды. Бұл агенттіктің негізгі қызметі – ел экономикасының жаңа салаларын инновациялық жолдармен күшейте отырып, оның шикізатқа байланысын азайта түсу және индустриялды мемлекет құру жолындағы осыған байланысты мәселелерді шешу. Кенжеғали Әбенұлы бұл қызметте де аянбай еңбек етіп, отандық ғылыми-техникалық дамуға үлкен үлес қосуда. Экономист реформатор ғалымның Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуына қосқан теориялық-практикалық үлесін Елбасы жоғары бағалап, «Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапаттады.
Академик Кенжеғали Сағадиев – экономика ғылымдарының 33 докторы мен 44 кандидатын тәрбиелеген кемел ғалым. Оның шәкірттері бүгінгі таңда Қазақстан мен шет елдерде табысты еңбек етуде.

Оның сыртында туған жері Тобыл, Торғай өңірлерінің жалынды жастарның білім алуына бір адамдай өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, Торғай жерінде қазіргі таңда мыңдаған бала тәлім алып жатқан бірнеше мектептің бой көтеруінде осы ағамыздың үлесі бар. Сондай-ақ, жыл сайын Қостанай облысының 5 ауданынан 20 студентке өз стипендиясын тағайындап, олардың тегін білім алуына қамқорлық танытуда.
Ағамыз облыстың рухани дамуына да аянбай еңбек етуде. Мәселен, былтыр Қостанай қаласында бой көтерген Тархан Жәнібек батырдың алып ескерткішінде де осы ағамыздың қолтаңбасы барын біреу білсе, біреу білмес.

Мешіт Ғазизұлы

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись