Құттықтаймыз!Мәртебелі сыйлыққа ие болды

Құттықтаймыз!Мәртебелі сыйлыққа ие болды

Көрнекті ақын Ақылбек Шаяхметтің кезекті марапаты

Біздің жерлесіміз, белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі. Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет жақында Мұхаммед Хайдар  Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері атанды.

Оған, бұл сыйлық заманауи әдебиеттің өркендеуі мен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюына сіңірген ерен еңбегі үшін берілді.

Ақын бұған дейін де Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың және «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты атанған болатын.

Ақын сонымен бірге өткен жылы «Құрмет» орденін де кеудесіне таққанын оқырманнның есіне сала кеткіміз келеді.

Қос тілді «Наш Костанай» газетінің ұжымы елімізге танымал қаламгер әрі әріптесіміз Ақылбек Қожаұлына алдағы уақытта да мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись