Дәл осындай атаумен облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде ұлы ағартушы арналған кеш өтті

Аталмыш басқосуда алдымен Ыбырай Атынсариннің халық игілігі үшін атқарған жұмыстары, ізбасарлары және орыс достары жайында бейнефильм  көрсетілді. Сондай-ақ ағартушының эпистолярлық мұрасынан дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 8 сынып оқушысы Сәкен Әли үзінді оқыды. Жиналғандар назарына бейнероликтер ұсынылды.

Бұл танымдық кешке қонақ ретінде шақырылған Ы. Алтынсарин медалінің иегерлері, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, ақын Серікбай Оспанов және педагогикалық колледж оқытушысы Пиалаш Сүйінкина сөз сөйледі.

Олар өздеріне қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, Ыбырай Алтынсарин жайлы өздерінің тың пікірлерімен бөлісті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись