Ыбырайдың кесенесінде болды

Ыбырайдың кесенесінде болды

Қостанай шаһарындағы облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері жылда қазақтың ұлы ағартушысының дүниеден өткен күніне орай Тобыл өзенінің жағасындағы Ыбырай атамыздың кесенесінде болып, Құран оқытты

Өйткені, 17 шілде кезінде ұлтымыздың ұл мен қыздарын ілім мен білімге шақырған қайталанбас тұлғаның дүниеден өткен күні. Зиялы қауым оның 1889 жылы қайтыс болғанын біледі.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін музей басшысы Марғұлан Оспанов бастаған қызметкерлер кесенеге келді. Ыбырай Алтынсариннің аруағына бағыштап, Құран оқылды.

Осынау тағылымы мол басқосуда Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Бөлтірік Бөкеев сөз сөйлеп, ұлы ағартушының халқымыздың өмірінде ерекше орын алатындығына, оның артында қалдырған рухани мұрасы мәңгілік екендігіне жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ осы басқосуға облыстық мешіттің қызметкері Дәулетбай бауырымыз, аталған киелі орынды қайтадан салуға айтарлықтай үлестерін қосқан бірқатар сәулетшілер Көкшетауға бара жатқан сапарында арнайы атбасын бұрып, ұлт ардақтысына тағзым етті.

Сонымен музей ұжымы кейінгі жастарға үлгі боларлықтай жиынды өткізіп, өздерінің бабамыздың алдындағы азаматтық парыздарын өтеді.

Оразалы Жақсанов

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись