Қызылжарлықтар – Қостанай төрінде

Қызылжарлықтар – Қостанай төрінде

«Ордасы – ұлы Абылайдың» атты жылжымалы көрменің ашылуы өтті


Бұл игі іс екі жақтың мұражай басшыларының өзара ынтымақтастық меморандумының негізінде жоспарлы түрде жүзеге асып отыр.

Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінде Петропавл қаласында орналасқан «Абылайхан Резиденциясы» музейінің «Ордасы – ұлы Абылайдың» атты жылжымалы көрменің ашылуы өтті.

Былтырғы жылғы келіссөдер бойынша Ыбырай бабамыздың өнегілі өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында — Солтүстік өңірді біздің мұражай ұжымы тегіс аралаған болатын. Осы жоралғыны сақтай отырып, «Ордасы – ұлы Абылайдың» атты жылжымалы көрмесімен бізге келіп отыр.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 14 қыркүйек айында Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейімен «Абылайхан Резиденциясы» мұражай кешенінің арасында қарым-қатынасты орнатып, іс-тәжірибе алмасып, даңқты тұлғаларды дәріптеу мақсатында келісім шарт жасасқан екен.

Шара барысында «Абылайхан Резиденциясы» мұражайы кешенінің басшысы Аян Садаевқа алхыс хат, сый-сияпат тарту етілді.

Қостанайлық әріптестеріне құр қол келместең, ұлы ұстаз атындағы музейдің ұжымына естелік сыйлықтарын да ала келіпті.

Құнды жәдігерлерді тамашалап, кәугер болуға аумаққа белгілі тарихшылар, шежірешілер, ақын-жазушылар шақырылған. Сондай-ақ ЖОО студентері, мектеп шәкірттері қатысты.
Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов Қызылжардан арнайы келген қонақтарға алғысын айтты.

Көрменің ашылу салтанаты өткен соң, тамашалуға келген жұрт тарихи жәдігерлермен танысты. Көрмеге 30-дан аса жәдігер қойылған. Абылай хан туралы деректер, Ресей патшалығына жазған хаттары. Сол заманда пайдаға асқан күні бүгінде сыры кеткен қару-жарақтар бар. Сондай-ақ ұлттық аспаптар, тұрмысқа пайдаланатын көненің көзіндей болған дүниелермен байытылған.

Сералы Мырзабай

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись