Оқушылар олимпиадада топ жарды


Қазіргі кезде еліміздің жас математиктері көптеген халықаралық білім сайысында жоғары жетістіктерімен көзге түссе, көш бастаған профессор – ғалымдарымыз тың ғылыми жаңалықтарымен барша әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын қуантып жүр.

Күні кеше ғана Елордамыз Нұр–Сұлтан қаласының Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ұйымдастырған халықаралық математикалық «Зерде» олимпиадасында Қостанай облысындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп–интернатының 3 оқушысы Таир Бірлік, Жамиля Ұлықпанова, Қуаныш Жолдыбаев жоғары нәтижелерді көрсетіп, қатармен І дәрежелі дипломға ие болды.

Бұл – біздің Қостанай облысы үшін үлкен мәртебе. Бұл оқушыларды дайындаған 20 жылдан астам Ыбырай мектебінде үздіксіз балаларға математика пәнінен жоғары деңгейде сабақ беріп келе жатқан Ақерке Қасыбаева. Ақерке Терекбайқызының осының алдында да бірнеше оқушылары халықаралық, республикалық, облыслық деңгейлерде өткізілген олимпиадаларында жеңімпаздары атанды. Ақерке Терекбайқызы алгебра және геометрия пәндерін оқушыларға түсінікті әрі жақсы оқытады. Ол өз ісінің шебері.

Сондай-ақ Нұр–Сұлтан қаласының Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ұйымдастырған халықаралық математикалық «Зерде» олимпиадасы аясында ұйымдастырылған математика пәні мұғалімдері арасындағы олимпиадада жоғары көрсеткіш көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Бұл – үлкен жетістік.

Олимпиадаға еліміздің түкпір–түкпірінен математикаға жақсы 180 оқушы қатысты. Барлығы 26 команда болды. Біздің мектептің оқушылары командамен де І орын алды. Оқушылардың олимпиадасының І кезеңінде тест тапсырмаларынан көптеген есептер шығарылды. Екінші кезеңі бойынша жазбаша олимпиада тапсырмалары орындалды. Біздің Ыбырай ата мектебінің дарынды, математикаға мықты оқушылары осы үшінші ауызша кезеңнен де сүрінбей өтіп, жеке-жеке І дәрежелі диплом алды. Дарындылар жалғыз жүріп жеңілмейді, жарыстарда бірін-бірі шынықтырып, жетелейді.

Түнгі аспанда бір шоқ жұлдыз ерекше жарқырап көрінсе, қазақтың математиктері де әлем көгінде оқшауланып, нұрлы сәулесін шашып тұратындай әсер қалдырады. Олардың төккен сәулелерінің соңынан ерген шәкірттері білім мен ғылымның нәрін бойларына сіңіруде. Бұған олардың әлемдік деңгейде қазақтың намысын қорғап, жеңімпаз болып, жүзден жүйрік жүлдегер атанып, алтыннан алқа тағып келуі дәлел.

Жұмаш Булекбаева,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп–интернаттың қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись