Жас ұрпақ — біздің болашағымыз

Жас ұрпақ — біздің болашағымыз

№44 бөбекжай бақшадағы игі істер жөнінде

Болашақ ұрпақ тәрбиесі жауапты да маңызды мәселе болғандықтан оған үлес қосу баршаға ортақ абыройлы іс.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ерекше. Мектепке дейінгі шақ бүлдіршін бойында адамгершіліктің негізін қалайды.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Сол себептен осынау мереке біз қызмет атқаратын мекемеде де ойдағыдай аталып өтілді. Соған орай арнайы іс шаралар ұйымдастырылды. Онда әрине, осынау мейрамның республика жұртшылығының өмірінде алатын орны жайлы жан-жақты түсіндірілді.

Бөбекжай бақшадағы ересек топтар балалары Отанымыздың әнұранын орындады. Онда ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы да жан-жақты айтылды. Мемлекетімізде жасалып жатқан барлық игіліктер халықтар арасындағы достықтың, ауызбірліктің арқасы екендігі де түсіндірілді.

Тәрбиеленушілер басқосуда Астана, достық жайлы өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып берді. Бір сөзбен ойымызды түйіндер болсақ, тәрбие орындағы мұндай іс шаралардың еліміздің келешегі болып табылатын балаларға қашан да берері мол.

А. Айсабаева, А. Нигметова, № 44 бөбекжай бақшаның қазақ тілі мұғалімдері

Редакция НК

оставить комментарий

девятнадцать − шестнадцать =

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись