Новости Социум

Жазғы демалыс тиімді ұйымдастырылған 

Оқу жылы аяқталып оқушылар жазғы демалыстарына шықты

Дегенменде, олар мектептен мүлде ажырап қалмайды. Оқу мезгілінде білім нәрімен сусындаған ұл қыздар, бұдан кейінде қайтадан достарымен лагерьде жүздеседі. Жаз айлығына байланысты оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру және еңбекпен қамту шаралары тиімді жүргізіліп жатыр.Соның көркем көрінісі М. Хәкімжанова атындағы №20 мектепте маусым айында мектепішінен сауықтыру алаңдары ашылып, жұмыс жасауда.

– Атап айтар болсақ маусым айында мектепішінен сауықтыру алаңдары жұмыс жасайды. Осы шаралар барысында 1-5 сынып аралығындағы оқушылар ата-аналарының жеке арызы мен өтінішін негізге ала отырып қамтитын боламыз. Бұл лагерь барысында домбыра үйірмесі, дене шынықтыру, би, дебат үйірмелері жұмыс жасап, сонымен қатар ағылшын тілің оқыту мен иноформатика сабағы бойынша сабақтар жүргізілуде,–дейді Жансая Бақытбекқызы М. Хәкімжанова атындағы №20 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Бұнымен қатар оқушылармен бірге жантанушы, медбике мен қосымша мамандар жұмыс жасайды. Сонымен қатар мектептен тыс ұйымдармен де серіктестік қолға алынып отыр.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкені танып-білу мақсатында өңірдегі өлкетану музейлеріне барып, шағын өндіріс орындарына саяхаттау жүзеге асып жатыр. Ата-аналармен бірлесе отырып «Село Лесное» сүт зауытына бару жоспарлы түрде жүрзіліп, сондай-ақ «Космис» ЖШС сүт өнімдерін өндіретін серіктестікте болып, өнімдердің жасалу, шығарылу жолдарымен кеңінен танысты.

Бұл оқушылардың ынта­сын арттырумен қатар, бір барып көрсек деген балаң арманына қол жеткізіп, қанат бітіргені хақ. Өйткені 9 сынып оқушылары осы өндіріс орындарына бару арқылы өздерінің болашақ мамандықтарын таңдап та үлгерген. Бүгінгі таңда елімізге ең қажетті биотехнолог мамандығы болса, бірнеше оқушы өндіріс орнына барған сәттен бастап қызығушылығы артып, осы мамандық иесі атануға шешім қабылдаған.

Алдағы уақытта отбасылық спорттық сайыстар өткізіп, «Мохито» демалу орталығына саяхат және Науырзым қорығына бармақ. Маусым айында жүргізілетін іс-шаралар барысында оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Шілде айында тамақтанусыз тіл алаңдары болмақ. Яғни, ағылшын тілі, орыс тілі  бойынша қосымша сабақтар жүргізіледі. Үйренем деген бараларға жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топқабөліп жұмыс жасайды.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77