«Жеңіс» саябағында батырлар мүсіні орнатылуда

«Жеңіс» саябағында батырлар мүсіні орнатылуда

Ұлы Жеңісті ұлықтар күн таяп келеді. Қайғысы мен қуанышы, наласы мен жұбанышы бірдей болған бұл тойға биыл 74 жыл

Қостанайлықтар уақыт оздырмай мейрамға қамданыс үстінде. «Жеңіс» саябағында қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шаһар тұрғындары мен қонақтарының бой сергітіп серуендейтін орнына айналған бұл жер, одан бетер әрленіп, жаңара түспекші. Саябақ алаңына кеудесін оққа тосып, жеңіс туын желбіретуге үлес қосқан қостанайлық жауынгерлердің бюсті орнатылмақ. Тас тұғырды жасаушылар олардың көбін кескін-келбетін көрген суреттеріне қарап жасауда екен. Майдангерлердің құрметіне арналған ескерткіштер қоладан құйылған.

-Ескерткіш бюстін орнату – өңір басшысының бастамасы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында осы игі істі жүзеге асыруды мақұл көріпті. Ал бұл жұмыстармен Нұр-Сұлтан қаласының «Балқыту» мердігер ұйымы айналысып жатыр. Батыр мүміндері 9 мамырға дейін толық аяқталады. Көнерген тас төсемелер де жаңа болады. Осы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінген,-дейді Қостанай қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Қанат Нұралин.

Қазірше, мүсіндер сырты қорғаныш қабатымен қаптаулы тұр. Сондай-ақ жауынгерлердің аттары да жазылмаған. Қай мүсінде кім келсінделгенін жұртшылық мейрам кезінде танып-біліп тағзым етеді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Фотосуретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись