Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа міндеттері» жолдауында он түрлі маңызды міндетті алға қойды

Өткен жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің БҚ облысы бойынша департментінің, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылғы кешенді жоспарын іске асыру мақсатында жариялаған конкурстың қортындысы бойынша, Қазақстан инновациялық  және телекоммуникациялық жүйелер университеті  жеңімпаз деп  танылып, 950 мың теңгенің жұмысын атқарып шықты.

Азаматтарды жедел қабылдауды жүргізу мақсатында, ұйымдастырылған  жұмыс тобы былтыр 10-11 тамыз күндері Ақжайық, Казталов аудандарының ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізді. «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында «ЖАҢАРУ» РҚБ БҚО филиалының өкілдері, аудандық мәслихат хатшылары, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті, аудан әкімі аппараттары өкілдері, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшелері болды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Есіктен есікке», «Жолдарда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 10 қадам», «Азаматтық бақылау» жобалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Чапаев, Жаңабұлақ, Мерген, Ақжол, Қабыршақты, Казталов, Әжібай, Жаңажол, Қараөзен, Жалпақтал ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Пікір алмасу барысында, тұрғындардың арыз-шағымдары тыңдалып, ұсыныстар талқыланды.

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ БҚО филиалы 12 аудандық бөлімше басшыларының 10 ауданда, аудандық маслихат хатшыларының сайлануы  және олардың жергілікті жерде белсенді жұмыс атқаруы толық дәлел бола алады.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпыұлттық  қозғалыс» РҚБ БҚО  филиалы төрағасының орынбасары Альфия Карибаева ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы апелляциялық комиссия құрамының мүшелігіне өтті. Сонымен бірге «Жаңару» қоғамдық мүшелерінің төраға орынбасарлары Әліби Баяхов, Айболат Сейтақов  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп жұмыс атқаруда.

«КазИИТУ» ғылыми — білім кешенінің жанынан ашылған болашақ мемлекеттік қызмекерлерді дайындауда «Мемлекеттік қызмет және жұмысқа орналастыру институты» базасында басшысы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпыұлттық  қозғалыс» РҚБ БҚО филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов болашақ мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға, білім берумен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін түсіндіретін оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы үлес қосуда.

 

 

Ақсерік ӘЙТІМОВ,

«КазИИТУ» ғылыми — білім кешенінің құрылтайшысы,

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпыұлттық  қозғалыс» РҚБ БҚО  филиалы төрағасы,

облыстық қоғамдық кеңес хатшысы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы  жеңімпазы

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись