Жерлесіміз Астана қаласында өткен байқаудың жеңімпазы атанды

Жерлесіміз Астана қаласында өткен байқаудың жеңімпазы атанды

Тәуелсіздік күні қарсаңында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен «Елім менің» деп аталатын XIV-ші республикалық патриоттық әндер байқауы болып өтті.

Осы өнер сайысында «Тәуелсіз елдің ұланы» номинациясы бойынша екінші орынды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Композиторлар Одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин жеңіп алды.

Сөйтіп, ол тағы да лауреат атанып, өңірдің абыройын асқақтатты. Дәл осындай марапатқа облыстың ардақты азаматы, ақынжанды ағамыз Тұрғын Досмағанбетов те ие болды.

Қос руханият саласының майталмандары аталған байқауға «Шексіз алғыс сіздерге» деп аталатын әндерімен қатысқан болатын. Бұл туындының сөзін Тұрғын Досмағанбетов, әуенін Қалибек Деріпсалдин жазған.

Аталған шығарманы байқауда дарынды қазақ қызы Гүлмира Жангелдіқызы басқаратын Астанадағы музыка мектебінің «Айналайын» деп аталатын балалар хоры орындады.

Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, атақты әнші Бекболат Тілеухан бастаған мәдениет қайраткерлері әділқазылық етті.

Оразалы Жақсанов

Оразалы Жаксанов

оставить комментарий

одиннадцать + тринадцать =

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись