Жерлесіміз жас әнші Ернар Садырбаев «Славян базары — 2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды

Жерлесіміз жас әнші Ернар Садырбаев «Славян базары — 2018» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды

Өнер фестивалі жылдағыдай Беларусьтің Витебск қаласында өтеді

Жұртшылыққа қостанайдың мақтанышы «Әmre» лақап атымен танылған.

Жиырма жетінші рет өткізілгелі отырған халықаралық өнер фестиваліне жерлесіміз үш ән дайындауда. Атап өтсек, Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», екінші күні оркестрдың сүйемелдеуімен орындайтын Раян Поустың «Подбери музыку» туындысы және үшіншісі Рокопера Моцарттың «Я сплю на розах» атты шығармасы.

Биыл 12 – 16 шілде аралығында өтетін өнер бәгесінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева және 2015 жылы аталмыш фестивальдің жеңімпазы атанған Димаш Құдайберген төрелік ететін болады.

Естеріңізге сала кетсек, «Славян базарына» қатысып, еліміздің мәртебесін көтерген өнерпаздардың қатарында Әлішер Кәрімов, Динара Сұлтан, Димаш Құдайберген, Адам, Ержан Максим, Луиза Нұрқуатова бар.

20 мемлекеттің өнер майталмандары қатысатын байқауда әрбір әншінің орындаушылық шеберлігімен қатар ел намысы да сынға түсетіні белгілі. Ендеше жерлесімізге халықаралық сайыста абыройы асқақтап, жеңіспен оралуын тілейміз!

 

Жамал ШАУКЕНҚЫЗЫ

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись