Новости Образование

Жерлестеріміз жеңіспен оралды

«Химия» мамандығының студенттері мен түлектері әрдайым біліктіліктерін танытып жүр

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Химия» мамандығының студенттер командасы Қарағанды қаласында өткен ХІ химиядан Республикалық студенттердің олимпиадасында 1 орынды жеңіп алды.

Команда құрамында 3 курс студенттері Т.Жиенбаев, И.Чапаксин және 2 курс студенті С.Жаналинова болды. Жекелікте Т.Жиенбаев эксперименттік турдың есебіндегі 36 балдан  32 балл жиған 14 жоғары оқу орнынан келген 42 студенттің ішіндегі екі студенттің бірі болып, жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп, 3 орынды иеленді.

Команда жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ-дің қауымдастырылған профессоры О.Чернявская да осы оқу орнының 1986 жылғы түлегі болатын.

Химия мамандығының студенттері олимпиададан жеңіспен оралса, түлектері де әр салада өздерін биіктен көрсетуде. «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» Н.Утеулина 23 жыл мектеп директоры қызметін атқарса, жас мектеп директоры Ю.Генрих те өз ісінің маманы. Дарын мектебіндегі Қ.Жұмағұлованың, Назарбаев зияткерлік мектебіндегі Г.Антаева, Б.Жаилғановалардың да «ҚР ғылым және білім министрлігінен» алған марапаттары жеткілікті.

Химия мамандығы оңай еместігі белгілі. Бірақ қай салада болмасын ұстазы жақсы болсы, шәкірттері де білімді болады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп бекер айтылмаса керек. Осы ретте көп жылдар қатарынан химия саласының білікті мамандарын даярлап жүрген химия мамандығының оқытушыларының еңбегі ерен. Олардың ғылымның мың қырлы қиылысы бар құбылысты тек өздері ғана біліп қоймай, алдына келген жастарға үйрете білуінің өзі үлкен жетістік.

Алдағы уақытта да химия деген қиын салада жүрген жандардың еңбектерінде табыс тілейміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77