Жоғары жауапкершілік жүктейді

Жоғары жауапкершілік жүктейді

Оны әрбір дәрігер жете түсінеді


Өз басым жылда Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын асыға күтемін. Онда айтылған жайларды басшылыққа ала отырып, медицина саласына байланысты алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға үнемі атсалысып келемін.

Мен үстіміздегі жылы қаңтар айында еліміздегі беделді басылымдарда жарық көрген мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдаумен де жан-жақты танысып шықтым.

Ондағы арқау болған он бағыттың бәрі де аса маңызды екендігі даусыз. Алайда өз басым жетінші «Адами капитал — жаңғыру негізі» деп аталатын бағытта қозғалған жайлар жөнінде ойымды ортаға салғым келеді.

Бұрыннан айтылып келе жатқандай, кадр мәселесі қай салада болмасын ерекше орын алады. Мемлекет басшысының «Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады» деген тұжырымы менің әріптестеріме де өте ұнады.

Сондықтан да біз қашан да білікті дәрігерлердің шеберлігіне, білімділігіне, адамгершілігіне сүйенеміз. Өзім басқаратын облыстық кардиологиялық орталықтың барша мамандары өздерінің негізгі міндеттерін аса бір жауапкершілікпен атқаруға тырысады.

Өзім Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі медицинаны дамытуға ерекше қамқорлық жасап жатқандығын мақтанышпен айтқанды орынды деп есептеймін.

Баршаға мәлім, осыдан біраз уақыт бұрын Елбасы Қостанайға сапармен келген кезінде қазіргі жұмыс істеп жатқан орталықты ашу жөнінде өзімнің кардиолог ретіндегі ұсынысымды айтқан едім. Елбасы оны бірден қолдады. Соның арқасында орталық іске қосылып, жұмысымыз барынша жандана түсті.

Мемлекетіміз медицина саласын өркендетуге ерекше жағдай жасап жатыр. Алайда еліміздегі барша азаматтардың денсаулығының мықты болуы өздеріне де байланысты.

Бұл орайда олардың дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын берік ұстануға ерекше назар аударғандарын қалар едім.

 

Дмитрий Лобков,
облыстық кардиологиялық орталықтың басшысы

Фото nazdor.ru

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись