Жол халықтың игілігіне айналды

Жол халықтың игілігіне айналды

Мұны қаламыздың әрбір тұрғыны айқын сезінуде

Қостанай еліміздегі көрікті де ажарлы қалалардың бірі. Соңғы жылдары облыс орталығының сән-салтанаты жарасып, көркейіп келе жатқаны белгілі.

Жылда көктем шығып, күн жылысымен шаһарымызда бұл мәселе қолға алынады. Өйткені, уақытты тиімді пайдалану осы сөз болған жол мәселесін жөндеумен шұғылданатын мекемелерді толғандырмай қоймайды.
Аталмыш мәселеге қатысы бар мекемелердің бірі – Қостанай қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Сондықтан да алдымен осы ұйымға атбасын бұрып, мекеме басшысының орынбасары Қанат Нұралинмен жолығып, көкейімізде жүрген сауалдарымызға нақты жауап алдық.

Ерекше атап өтер жағдай өтіп бара жатқан жылда талай игі жұмыстар атқарылғандығы көңілге қуаныш ұялатады. Осы арада сөзіміз жалаң болмас үшін бірқатар деректер мен дәйектерге де сүйене кетелік.
Мәселен, үстіміздегі жылы қаламыздың 45 көшесіне тиісті жөндеу жұмыстары жасалған. Олардың 9-ы қайтадан жаңғыртылған болса, 7-уіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ал 29 көшеге толығымен асфальт төселген.

Сонымен қатар шаһарымыздағы Набережный және Лермонтов көшелерінде жөндеу жұмыстары былтыр басталған еді. Ол биыл толығымен аяқталды.

Сондай-ақ Абай даңғылы мен Павлов, Гагарин көшелерінің бойында жөндеу жұмыстары биыл қолға алынды. Ол келесі жылы толығымен аяқталмақ.

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар жерлестерімізге қолайлы болу үшін тандырылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Олардың бәрін моншақтай тізіп, баяндап шығу да мүмкін емес.

Дегенмен де солардың бір қатарына тоқталып өткенді өзіме парыз санаймын. Мысалы, облыс орталығында халық көп шоғырланған Әл-Фараби даңғылы мен Хәкімжанова, Темірбаев, Бородин, Л.Беды, Досжанов, Нариманов көшелеріне де тиісті жөндеу өткізілгендігі көрініп тұр.

Баршаға мәлім, қаламыздың бір шетіндегі «Қостанай -2» шағын ауданы да жыл өткен сайын сәулеттеніп, онда қаншама көп қабатты үйлер салынды.

Сонымен қатар мұндағы көшелер де басты назарда ұсталады. Атап айтатын болсақ, осы мөлтек ауданда 8 көше жолдарына асфальт төселіп, көпшілік дән риза болды.

Жалпы, осы жөнделген жолдардың сапасы көңілден шығатын көрінеді. Жол жайына қатысты білікті мамандардың айтуына қарағанда, жолдардың сапасына 3 жылға дейін кепілдік беріледі екен.

Қаламыздағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жолдар да назардан тыс қалмаған. Сонымен қатар көшелердегі жұртшылыққа қолайсыздық тудыратын шұңқырлар да бітеліп отыр.

Көбінесе, жаз айларында қыза түсетін жол жөндеу жұмыстарымен қаламыздағы «Таза жол», «АБЗ+», «Вескор», «Капитал строй» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің тиісті мамандары айналысқан.
Облыс орталығындағы Тәуелсіздік көшесі мен өңірімізге қарасты Амангелді кентіндегі Энергетиктер көшесіне де күрделі жөндеу жұмыстары атқарылғандығын білдік. Ол бір жылдың ішінде толығымен аяқталған.

Қазіргі таңда шаһарымыздағы автокөлік қозғалысы жиі болып есептелетін Тәуелсіздің көшесініндегі жол екі жолақттан үш жолаққа кеңейтілді. Бұған жүргізушілерде, жүргіншілерде дән риза.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Бағдад АХМЕТБЕКОВ

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись