Ы. Алтынсарин атындағы АРПИ «Жыр арқауы Елорда» деген тақырыптағы жыр бәйгесінің ережесін таныстырды

Онда «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі Жандос Рахметов алғашқы кезеңге мүшәйраға қатысатын ақындар өздерінің  өлеңдерін лақап атпен тапсыратындығын айтты.

Мүшәйраның қазылар алқасының төрағасы, Арқалық қалалық маслихатының депутаты, ақтангер ақын Айбек Қалиев жас ақындарға берілетін тақырыптарға шолу жасады.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тікелей бастамасымен өткен кезең ішінде Астана шаһары адам танымастай өзгерді.

Жалпы, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру 1994 жылы 6 шілде күні қабылданды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 1998 жылы 6 мамыр күні Ақмоланың атауы Астана болып өзгерді.

Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды.

«Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі Жандос Рахметовтың сөзіне қарағанда жоғарыда аталған мүшәйраның қорытындысы үстіміздегі жылы 20 сәуір күні өтеді.

Жеңімпаздар аталмыш партия қалалық филиалының  алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Үздік өлеңдер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись