События

1 – маусым балаларды қорғау күні: «Бір үйдің баласындай»

«Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінде 42 бала тәрбиеленуде

Бүкіл әлемде 1-маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады.

Ал, Қостанайдағы «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін бұл күні қызыққа толы думан күтіп тұр.

Балалар үйінің директоры Ольга Козлюктің айтуынша 1-маусымда балғындарды мерекесімен құттықтап келіп, сый-сияпат әкелетіндер мол екен.

– Қазіргі таңда мұнда 42 бала тәрбиеленуде. Екі бүлдіршінді жаз айында отбасы алып кетеді. Яғни, жаз маусымы бойына туыстарында болып, қыдырып келуге рұқсат етілген. Қалған балалар жазғы демалыс орындарына барады. Оларға толық жағдай жасалған. Ал, 1-маусым балалар мерекесін орай бізге көптеген қонақтарымыз келеді. Осы жылы «Мирас» мәдениет үйінің қызметкерлері келуге ниет білдірді. Оның сыртында Тобыл қаласында орналасқан кітапхана ұжымымен «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағидаға негізделген квест ойынын өткізбекпіз. Таңертеннен бастап мерекелік іс-шараларымыз бастау алады және ол бірнеше күнге дейін жалғасады. Мерекелік би кешімен аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Ольга Козлюк.

Тәрбиеленуші 42 бала жеті отбасылық топтарға бөлінген. Әр бөлімде өз аналарының қамқорлығында болады.

Бұл жердегі ең кіші тәрбиеленушінің жасы төрт жарымда, алды болса колледжде білім алады. Әмина мұнда 8 жасында келген, қазір Қостанай жоғары политехникалық колледжде техник-бағдарламашы мамандығында білім алады.

– Кіші кезімде, 8 жасымда келдім. Маған анам барлығын үйретті. Әсіресе, жақсылық жасауға адамның шын ниеті болса жеткілікті екенін білдім. Үй шаруашылығымен айналысуды меңгердім. Бұл үйде үлкені мен болғандықтан іні, сіңілдеріме тамақ пісіруді, киім үтіктеуді өзім білетін істің барлығын үйретуге тырысамын. Бір-бірлерімізге кеңес береміз. Ешқашан ренжіспейміз, – дейді Әмина.
Балалардың анасы әр баласын жеке сипаттап бере алады. Оларды ең бірніші адамгершілікке баулиды.

– Балаларым ең бірінші жақсы оқиды. Білімге деген құштарлықтары басым. Бізге Татьяна есімді қыз бала жақында келді, алайда ол мұндағылармен тез тіл-табысып кетті. Сырттарынан бақылап отырамын, бір-бірлеріне өте қамқор. Гунелім болса әнді жақсы айтады, суретті де жақсы салады. Ол Жеңістің 75-жылдығына орай қашықтан өткен байқаудан проза оқу жанры бойынша 2-ші орынды иеленді. Вика болса жақсы білімпаз, сабырлы. Әминам болса, колледжде оқиды, оны бітіріп жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отыр, өзінің алға қойған мақсаты бар. Мұнда олар әр мерекеге ерекше дайындалады. Туған күні болса, бір-бірлеріне тосын сый жасағанды ұнатады. Жалпы, балаларым жақсы, – дейді тәрбиеленушілердің анасы.

Артем топтың ең кіші жігіті, оның бұл тоқа келгеніне бірер айдың көлемі болған. Алайда, балаларға бауыр басып үлгерген.

– Жақында сегіз жасқа толамын. Екінші сыныпты жақсы аяқтадым. Мен өскенде кім болғын келеді дегенде, мен әрқашан полиция қызметкері деп жауап беремін. Сол арқылы қоғамдық тәртіпті сақтағым келеді. Бұл жерден де тәртіпке, тазалыққа, мұқтаж жандарға көмектеуге үйренудемін. Қазір тенис ойынына икемделіп жүрмін. Бос уақытта түрлі істермен айналысамын, вокалға барамын. Сабағымды жасаймын. Тәтелерім әркез көмектеседі. Тәтті тағамдарды жасап, маған ұсынады. Ал, менің сүйіткі тағамым бәліш. Маған бұл жерде ұнайды, – дейді Артем.

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы келіп мерекелерімен құтықтап, балғындарға велосипед тарту еткен. Аура райы қолайлы кезде балалар серуенге велосипетпен шығады.

Мекеме директорының айтуынша, әр баланың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жинақтары бар. Онда тұрақты ай сайын тиісті қаражат салынып тұрады. Есейген тұста баспаналары дайын болмақ.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абил ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77