Салық саясатын сауатты жүргізу – уақыт талабы
Кез-келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі салық болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады. Салықтардың мемлекет қазынасын толтыруға бағытталған қызмет құралы ретінде орны өз алдына, уақыт өткен сайын оның шаруашылық салаларына ықпал жасауға және өндіріс пен ғылым-техникалық прогрессті дамытуға ынталандыруға икемді экономикалық реттеуші тұрғысындағы маңызы айқын екендігі аңғарылады.
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқындаған Ұлт жоспарында салық саясатын тиімді және сауатты жүргізілуіне баса назар аудартылған. Айталық, 37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту. 39-қадам. Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады. 44-қадам. Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу. 45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімін оңтайландыру бағыты бойынша бірқатар міндеттер жүктелген.
Қостанайда заңды және жеке тұлғалар үшін салық заңнамасын жетілдіру, салық салу саласын жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде экономика конъюнктурасының өзгеруін және салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып жүргізіледі. Соңғы жылдары салық жүйесін реформалаудың маңызды бағыттары инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес ортаны дамыту, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейту болып табылады.
– Бұл мәселенің өзектілігі мемлекеттің әлеуметтік шығындарының ұлғаюы аясында салық түсімдерін ұлғайту қажеттілігімен байланысты. Жаңа салық кодексін қолдану тәжірибесі нормаларды бір мәнді түсіндіруге жол бермеу мақсатында салық заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Салық заңнамасын жетілдіру салық төлеушілердің өтініштерде жиі көтеретін мәселелер бойынша да талап етіледі. Сондай-ақ, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық салуды жетілдіру жүргізілуде. Зейнетақы жарналары бойынша шегерімді қолдану шарттарын теңестіру, сондай-ақ қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомасын шегеруді ұсыну ұсынылады. Бұрын жүзеге асырылған сатып алулар немесе сатып алынған қызметтер үшін есептелген сома есебінен оларды сатып алу кезінде тауарлар немесе қызметтер құнын үнемдеуден жеке тұлға алған материалдық пайданы салық салудан босату ұсынылады, – дейді Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сәтжан Ұзақбайұлы.
Салық салу базасын кеңейту, оның ішінде «сән-салтанат» заттарына және денсаулыққа зиянды өнімдерге жоғары салық салу өзекті мәселе болып табылады. Бұл міндетті акциз ставкаларын ұлғайту арқылы іске асыру ұсынылды. Мәселен, сыраға және сыра сусынына, қыздырылатын темекі өнімдеріне, құрамында никотин бар сұйықтықтарға акциз ставкаларын кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген. Сыраға және сыра сусынына акциз ставкаларын кезең-кезеңмен ұлғайту 2020 жылдан бастап алкогольді ішімдіктерге салық салу шарттарын теңестіру мақсатында ұсынылып отыр.
– Сыра мен сыра ішімдіктеріндегі салық құрауышы ҚР алкоголь өнімінде ең төмен болып табылатынын айта кету керек. Электрондық сигареттерде пайдалану үшін қыздырылатын темекі (ҚТӨ) және никотині бар сұйықтықтарға 2019 жылға арналған акциздердің нөлдік ставкасы, ал 2020 жылдан бастап ҚТӨ үшін темекі қоспасының бір килограмы үшін 7345 теңге және тиісінше миллилитр ӨЖС үшін 5 теңге белгіленді. Сонымен қатар, басқа елдердегі, соның ішінде ЕАЭО елдеріндегі акциздердің ставкаларын, сондай-ақ осы өнімдерді импорттаушылардың және темекі өнімдерін өндірушілердің ұсыныстарын ескере отырып, 2021 жылдан бастап ставкаларды кезең-кезеңмен ұлғайту ұсынылады, – дейді Департамент басшысының орынбасары.
Қосылған құн салығына салық салуды жетілдіруде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында электрондық нысанда қызметтеріне салық салу механизмі жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында электрондық түрде қызмет көрсететін шетелдік интернет-компаниялардың жеке тұлғаларға міндетті тіркеу және қосылған құн салығын төлеу қарастырылып жатыр. Бұдан басқа, «Электрондық нысандағы қызметтер» ұғымын енгізу ұсынылып отыр. Қызметті іске асыру ел аумағында жүзеге асады.
– Жергілікті авиакомпанияларды дамыту мақсатында, егер жұмыстар орындалған және көрсетілетін қызметтер әуе кемесін жалға беру бойынша мемлекет жүз пайыз қатысатын әуе тасымалдарын жүзеге асыратын резидент заңды тұлғаларға көрсетілген болса, резидент еместен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымнан шығарылады. Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамыту үшін дилердің өндірушіден ҚҚС-сыз сатып алынған көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын сатуы кезінде ҚҚС-тан босатуды қарастыру. Қазіргі уақытта бұл жеңілдік осы тауарларды өндірушінің өзі өткізген кезде әрекет етеді. Салық салудың бірдей ережелерін белгілеу мақсатында шарттарды теңестіру ұсынылады, – деді өз сөзінде.
Банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру саласындағы мүдделер теңгерімін сақтау мақсатында, проблемалы кредиттерді кешіру кезінде ипотекалық ұйым құрған провизиялардың төмендеу мөлшерін кірістермен танымау жолымен, ипотекалық ұйымдардың қарыз алушының борышын кешірген кезде банктермен тең дәрежеде салық салудың жеңілдікті шарттарын ұсыным беріледі. Сондай-ақ, қарыз бойынша міндеттемелерді тоқтатуды жеке тұлғалардың табысы ретінде қарастырмайды.
Бизнесті ынталандыруға және дамытуға бағытталған салық салуды жетілдірудің өзге де өзіндік мәселелері бар.
– Салық саясаты фискалдық функцияны ғана емес, сондай-ақ реттеуші және ынталандырушы функцияны атқаратынын ескере отырып, заң жобасында бірқатар нормалар ұсынылады. Көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мақсатында 1000 АЕК-тен астам мөлшерде қолма-қол нысанда төленген төлемдерді шегеруге корпоративтік табыс салығы бойынша жатқызуға тыйым салу көзделген. Инвестициялық қызметті ынталандырудың бір түрі ретінде инвестициялық салық кредиттерін енгізу, ол КТС және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. Мәдениет саласындағы қызмет бөлігінде әлеуметтік сала ұйымдарын анықтауды нақтылау. Жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу кезінде мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша жеңілдіктерді алып тастау. Діни тауарларды сату кезінде БКМ болуы бойынша талаптарды алып тастау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттан лицензиялық режимге көшу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін өтпелі ережелер белгілеу. Халықаралық ұйымдарға мүшелік жарналар бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шегерім беру, – дейді Сәтжан Ұзақбайұлы.
Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариустар мен адвокаттардың қызметтерін ҚҚС-тан босатудың күшін жоюға байланысты. Сондай-ақ, қатарына нотариустар мен адвокаттар кіретін «жеке практикамен айналысатын тұлғалар» дефинициясын енгізумен жеке кәсіпкерлерге сілтеме жасалған нормаларда нақтылау мақсатында жеке практикамен айналысатын тұлғаларға да сілтеме жасау ұсынылуда.
– 2019 жылдың басынан бастап электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі «орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі» бастапқы бухгалтерлік құжатты жазуға мүмкіндік береді, осыған байланысты көрсетілген құжатты электрондық нысанда жазып берілген және электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған деп тануға мүмкіндік беретін «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына нақтылау енгізу ұсынылады. Электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарларға қатысты бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізу көзделеді, – дейді Сәтжан Ұзақбаев.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77