Қазақтың жыл санауы бойынша 2024 жылы ұлу жылы кіреді. Ал әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар
Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Халық қашанда ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Соған қарағанда бұл халық үшін жайлы, жұмсақ жылдар қатарынан орын алса керек. Кей жылдары ұлу да жайсыз келіп отырған дейді кейбір деректерде жыл қайтарушылар. Осы орайда келер жылдың біздер үшін қандай тосын сыйы бар екенін білмек болып біз жергілікті жұлдыз жорамалшылардың біріне жүгінген болатынбыз.
– Келер жыл іскерлік және қаржы жылы болады. Соңғы жеті жылда не ексең, соны орып аласың. Жыл бойы сергек болған жөн, жақсы мүмкіндіктер жылы болады. Бұл кез келген нәрсені, соның ішінде жылжымайтын мүлікті сатып алуға және сатуға жақсы уақыт болуы мүмкін. Кейінге қалдырған жобаларыңыз болса, оны ұлу жылында аяқтау маңызды. 2024 жыл алдыңғыдан мүлдем өзгеше болады. Сананы тұрақтандыру үшін қайта құру жылы болады. Биылғы жылдың энергиясы игі болады деп есептелетіндіктен, адамдар өзін салмақты ұстағаны жөн. Ал жылдың өзі қақтығыстарға әкеп тұрады, тіпті қарапайым адамдардың өзі кикілжіңге көп түседі. Адам өзін салмақты, ақылмен ойлау арқылы ғана бұл кедергілерді жеңе алады, – дейді жұлдыз жорамалшы Мадина Ертаева.
Келер жылы Қазақстандағы қандай кәсіп түрлері үшін сәтті болмақ? деген сұрағымызға да жауап алдық.
Жұлдыз жорамалшылардың айтуынша, 2024 жыл бірнеше маусымға созылған күрделі кезеңнің соңы болады. «2024 жылдың бірінші жартысында экономиканың жандануына оң әсер береді. Дегенмен тамыздан кейін экономика қарқыны баяулайды, бірақ бұл сәттілік алдындағы тоқырау болуы мүмкін», – деп түсіндірді маман.
Сонымен қатар, астролог келер жылы қауіпті кезеңге қандай айлар кіретінін айтты.
«2024 жылдың қауіпті кезеңіне көктем және күз айлары кіреді. Сондай-ақ, елімізде жер апаттары, жарылыстар, көшкіндер орын алуы мүмкін» – деді жұлдыз жорамалшы.
Жан ШАЙМЕРДЕН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77