Образование

25 – мамыр соңғы қоңырау: Түлектерді онлайн құттықтады

Сынып жетекшілер қашықтықтан ашық сабақ өткізді

Оқу жылын аяқтаған оқушыларды және мектеп бітіруші түлектерді Қостанай қалалық №28 мектеп-гимназиясының директоры Қазиева Айгүл Айтқожақызы онлайн түрде құттықтады.

Бұл елімізде орыналған жағдайға орай Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ортақ шешімі болған көрінеді.

– 25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткіземіз. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс,– деген болатын Асхат Аймағамбетов.

Осы ретте мемлекеттік тілде білім беретін №28 мектеп-гимназиясының директоры Айгүл Қазиева оқушыларды онлайн түрде оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Құттықтау барысында жылдық жұмыс қорытындыланып, білім мен ғылымнан, спортан және өзге де дамытушылық бағытта жеңіске жеткен оқушылардың аты аталды.

– Қалалық білім бөлімінің бекіткен бұйрығына сай биылғы 25–мамыр соңғы қоңыру жиынын онлайн түрде өткіздік. Оның сыртында әр сынып жетекші өз сыныптарына қашықтықтан 2019-2020 жылдың оқу қорытындысын ата-аналар мен оқушыларға баяндап, сынып сағаттарын өткерді. Оның сыртында жыл бойына мектеппен етене жақсы қарым қатынас жасап, белсенді болған ата-аналарға да Алғыс хаттар табысталады, – деп атап өтті мектеп басшысы.

Ал, оқушылардың жыл бойына алған марапаттары PDF нұсқасында электронды пошталарына жіберліледі.

– Ал, биыл мектеп бітіруші түлектерге ағымдағы жылдың 3 маусымы күні сағат 10:00-де мектеп алаңында аттестат тапсыру рәсімі өтеді. Ол да бекітілген ережеге сай санатитарлық нормаларды қатаң түрде сақтау арқылы болады. Мектеп бітіруші түлектермен бірге ата-аналарының келіп қатысуына рұқсат етілген, өзге қонақтардың келуіне рұқсат жоқ. Биыл біздің мектепте 20 оқушы бітіріп отыр. Олардың жыл бойына көрсеткен нәтижелері жоғары деп айта аламын. Халықаралық ғылыми жұмыстардан, республикалық Абайдың–175 жылдығына, әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өткізілген байқаулардан жүлдері орындар алып, мектеп мерейін үстеп етті. Осы жылы 20 оқушының 19-ы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысады, тек 1-еуі өз еркімен қатысудан бас тартып, осы уақытқа дейін ақылай түрде өткен ҰБТ-ден алған ұпайына қанағаттанып отыр, – дейді Айгүл Айтқожақызы.

Айта кету керек, 20-маусым мен 9-шілде аралығындағы ҰБТ-ге қатыспаған оқушы мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды. Дегенмен, ол тек алдағы уақытта кез-келген жоғары оқу орынға ақылай түрде оқуға түсуге құқылы.

Жалпы, Қостанай қалалық білім бөлімінің берген мәліметі бойынша қалада биыл 992 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 867-і ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға өтінім берген, оның ішінде 234 түлек тестті қазақ тілінде тапсырмақ. Ал, «Алтын белгіге» 32 үміткер, үздік аттестатқа 22 үміткер бар көрінеді.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Абил ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77