Облыстық табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлері қайыңды орман ішін қоқыстан тазартты
Облыстық табиғи ресурстар басқармасының қызметшілері елімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарияланған «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында «Жасыл десант» акциясын өткізді.
Қала сыртындағы орманшаруашылығы мекемесіндегі қарағайлы орманды қоқыстардан тазартып, 20 қап қоқыс жинап, сыртқа шығарған болатын. Аталмыш басқарманың ұжымы үстіміздегі жылы «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында бірнеше қайырымды істерді қолға алғандарын айтады. Олар көмекке зәру жалғызбасты қарттарға үйінің алдын қардан тазарту жұмыстарына көмектесіп, ауыз суды үйлеріне әкеліп берген. Сонымен қатар көктем уақытында Тобыл өзенінің жағасын қоқыстан тазартуға атсалысқандарын айтады.
-Біз республикалық «Қайырымдылық істер марафоны» жобасын назардан тыс қалдырған емеспіз. Ұжым болып қолдан келгенше қайырымды істерге атсалысып жүрміз. Атап айтар болсам, біздің қызметкерлер өздерінің қалауларымен өзен жағасын, орман ішін қоқымтардан тазартып тұрады. Көмекке зәру жандарға да әрдайым қол ұшын беруге дайын. Әрине, осы істеліп жатқан еңбектер бекер кетпеуі үшін жергілікті тұрғындардың демалатын орындарды ластамай, керісінше демалыста қалған қалдықтарын, қоқыстарын жинап жүрсе нұр үстіне нұр болар еді, – дейді табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Клотова.
Шынында да табиғат ананы аялап, таза ұстау өз қолымызда. Әр тұрған өзінің дем алатын орнына артынан тау-тау қоқыс қалдырып кетпей, жинап жүргені дұрыс. Жаз айлары келісімен суға шомылу маусымы ашылған сәттен Тобыл өзеніне шомылып, отбасымен дамалған кездері тазалықты ұмытып, қоқыстарын сол қалпында қалдырып кететін жандар көп кездеседі. Осы ретте тазалық бірінші кезекте денсаулықтың кепілі екенін ұмытпағанымыз абзал сияқты.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77