Новости Социум

Қайырымдылық – асыл қасиет

Көпбалалы 30 отбасына қайырымдылық пакеттері таратылды

Он екі айдың төресі, қасиетті де берекелі Рамазан айында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Аталмыш іс-шара жайлы мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде: «Баршаңызға мәлім, Рамазан – бұл берекелі ай, қайырымдылық пен қамқорлық айы. Сондықтан осындай сауаптар еселенетін керемет маусымда көңілі жабырқаған мұқтаж жандарға қолұшын беру мақсатында ұйымдастырылып отырған игілікті іс. Мұндай сауапты іске намазхан кәсіпкер бауырларымыз демеушілік жасап отыр» деді.

Осынау көпке үлгі боларлық игілікті шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы 30 отбасына қайырымдылық пакеттері таратылды. Мұндай қайырымдылық бастамалар өңіріміздің барлық аудандық, қалалық мешіттерінде жалғасын табады деген үміттеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77