10 отбасына азық-түлік пен киім-кешек тегін таратылды
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, мүмкіндігі шектеулі, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыры болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Бұл ретте Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы түлектерінің ұйытқы болуымен 11 мұқтаж отбасыға азық-түлік, киім-кешек таратылды.
Осынау игі іс-шараға Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы және жамағаты бір кісідей атсалысты.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – көпбалалы, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен, сонымен қатар мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға азда болса материалдық демеу беріп, әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу.
Академия түлектерінің ұйытқы болуымен, аталған шара аясында 10 отбасыға азық – түлік түрінде (картоп, орамжапырақ, пияз, жеміс-жидек, май, шай және т.б) көмек көрсетілсе, еліміздің ертеңі болып табылатын жас ұрпаққа – киім-кешек , ал ата-анасына азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалды.
Міне, осылайша олар нағыз азаматқа тән қырларымен өздерінің парыздарын өтеді.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77