Біздің Қостанай Социум

Қала орталығында думанды той бастау алды

Қостанайлықтар көптен күткен наурыз мейрамын бірнеше күн бұрын бастап кетті деуге болады

Олай деуге себеп аулалар мен шағын аудандарда ұйымдастырылған тамаша мерекелік шаралар. Халық атаулы мерекені ықыласпен тойлауда. Міне, үлкен тойдың тундігі орталық алаңда түріліп тұрғындар мен қала қонақтары шат-шадыман.

“Наурыз – көктем, жыр-думан!” атты театрдандырылған көріністі арнайы тамашалауға келген халықтың қарасы көп екені байқалады.

Қаз қатар тізіліп тігілген ақ қанатты киіз үйлер де көздің жауын алып тұрғанын да атап өткен жөн болар. Әр шаңырақ ауласында самаурын будақтап, қазан қайнап мерекенің сәніне көрік қоса түскен.

Спорттық ойын түрлерінен бақ сынап, жанкүйер болғандарды да байқауға болады. Сонымен қатар ұлттық тағам, ас атасы нан- бауырсақтың да түр- түрі халыққа ұсынылып жатыр. Қолөнер шеберлері де көрермендерге өз туындыларын ұсынып, шеберлік санаттарын да өткізуді бастап кеткен.

Сондай-ақ, мерекелік сауда саттық та қыза түскені байқалады.

Ең бастысы халық рухани азық алып, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын насихаттау үстінде. Газетіміздің алдағы санында наурыз тойынан толық репортаж жасайтын боламыз.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ,

суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77