В ритме города Социум

Қала тұрғындары мұз айдындарда сырғанап, уақыттарын қызықты өткізуде

Бүгінде «Апельсин» сауда орталығының аумағында орналасқан «Лед» сырғанақ орнының жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Қытымыр қыстың келісімен жер қатып, сырғанақ тебетін науқанда басталатыны белгілі. Балалар осы мезгілді іштей асыға күтетіні бар. Әр мезгілдің өзіндік қызықтар мен шыжықтары жеткілікті. Әсіресе, аязды күндері 6 айға созылатын өңіріміздегі қыстың қызығы ерекше.

Осы орайда, қаламызда сырғанақ орталықтары бірінен соң бірі өз жұмыстарын бастап кетті. Солардың бірі «Апельсин» сауда орталығында орналасқан «Лед» сырғанау орнының жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Бұл орталық ересектер мен бүлдіршіндерге осымен екінші жыл жоғары көңіл-күй сыйлап отырғаны жасырын емес.

-Біз бұл сырғанақты былтыр жасаған болатынбыз. Биыл да жұмысымызды жалғастырып отырмыз. Қала тұрғындарының тарапынан қызығушылық жоғары. Осы жылы мұзда сырғанауға келген жандарға барынша жағдай жасауды қолға алдық.

Былтыр мұнда ыстық шай, кофе, бәліштер сататын дүңгіршек ғана жұмыс істеген болатын. Ал биыл конькиді емін-еркін киіп-шешетін, асықпай отырып тамақтанатын орын жасадық. Келушілердің ойынан шықты. Қазір мұз айдынына келіп, коньки теуіп, уақыттарын қызықты өткізіп жүрген жандардың қарасы көп, – дейді «Лед» сырғанақ орталығының әкімшісі Валерий Калашников.

Бұл орталық демалыссыз, жұмыс күндері сағат 14:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері 11:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Орталықтың конькиін алып сырғанау балалар үшін 1000, ересектер үшін 1500 теңге. Ал егер конькиді өзімен алып келсе, мұз айдынына кіру құны 800 теңге. Мұнда барлығы 50 дана коньки бар. Барлығы да мұзда жақсы сырғанайды. Сондай-ақ мұнда сырғанау уақытына шектеу қойылмаған.

-Бүгін демалыс болған соң қызым екеуіміз коньки тебуге келдік. Өзім бала кездер конькиді жақсы тебемін. Қызымның да ерекше қызығушылық танытқанын көріп, оған коньки тебуді үйреткім келді. Мұнда біз былтыр да келгенбіз. Мұз түзі, жақсы құйылған. Міне, рахаттанып, сырғынақтың қызығына батып жүрміз. Қыстың көркі де осы емес пе, – дейді қала тұрғыны Назгүл Сыздықова.

Сонымен қатар мұнда биік мұзды сырғанақ та бар. Мұнда тек мұз тақтайшамен немесе жұмсақ жастықшамен сырғанау керек. Бұл жерде берілетін сырғанауға арналған жұмсық жастықшаларды алып кіру құны 1500, ал егер өзіңізбен алып келсеңіз 800 теңгеге кіріп, шектеусіз уақыт сырғанақ қызығына батуға болады.

«Қыс қызығы сырғанақ» демекші, сауда орталыққа жақындасаң бірден балалардың шат-шадыман күлкісі естіледі. Олардың қыс қызығына батып, сырғанақта мәз болып жүргінінің куәсі боласың.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77